10 Қараша, 2011

Қор делегациясымен кездесті

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжілістің Халықаралық істер, қор­ғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы  Сағынбек Тұрсынов Адам құқықтарын дамыту жөніндегі Қытай қорының делегациясымен кездесті. Адам құқықтарын дамыту жөніндегі Қытай қоры бас хатшысының орын­ба­са­ры Ванг Жианлин Қазақстан тәуелсіздік алғалы бергі жиырма жыл ішінде осынша өркендеп, оның жас астанасының заманға сай гүлденіп келе жатқанына қайран қалып отырғанын жасырмады. Қазақстан Республикасы Президен­ті­ жанындағы Адам құқықтары жө­нін­дегі комиссияның төрағасы Сағынбек Тұр­сы­нов Қазақстанның құқық қорғау жүйесі жайлы білгісі келген қонаққа: «Қа­зақ­станда адам құқығын қорғайтын екі инс­титут бар. Соның бірі – Президент Жар­лығымен құрылған Адам құқықтары жө­ніндегі комиссия. Құрамына құқық қор­ғайтын білікті заңгерлер, депутаттар, Ішкі істер, Әділет, Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлері, дін ұй­ым­да­рының өкілдері кіреді. Жыл сайынғы Ба­залық баяндама әлемдік тәжірибеден үй­реніп, еуропалық, азиялық, Таяу Шы­ғыс елдері халықтарының менталитетін ескеріп, кешенді әрі жүйелі жасалады. Көп­теген халықаралық ұйымдармен, Еурокомиссиямен, Еуроодақпен байланыс жасап отырамыз. Жыл сайын адам құқы жөнінде баяндама жасап, ҚР Президентіне есеп береміз. Оны халықаралық ұй­ым­дар мен ЕҚЫҰ-ның БҰҰ жүйесіне та­ныс­ты­ру­ға тырысамыз», деп өздері атқарып жат­қан істер жөнінде баяндады. «Егемен-ақпарат».