10 Қараша, 2011

Лаңкестер жазасыз қалмайды

395 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Қазақ халқы әу бастан ты­ныш­тықты тәу еткен. Ұзақ күткен тәу­елсіздігіміз де татулық пен тыныш­тықты, ынтымақ пен бірлікті аңса­ған ата-бабалар арманы екені анық. Ен­де­ше елдегі осы бір аяулы ты­ныш­тықты, бірлікті сақтау қазіргі ұрпақ­тың міндеті. Алайда, оны көп­сінетін кейбіреулер заңымызға қайшы келетін шалыс қадамдарға баруда. Со­лар­­д­ың бірі туралы кеше Бас про­ку­ра­ту­раның ресми өкілі Нұрдәулет Сүй­ін­діков хабардар етті. Оның ай­ту­ынша, үстіміздегі жыл­дың 31 қа­занында шамамен таңғы сағат 9-дарда Атырау қаласындағы облыс әкімдігі мен прокуратура ғимараттары­ның жа­нын­да екі жарылыс орын алған. Прокуратура ғимаратының жа­нында болған жарылыстан бір адам көз жұмды. Ол Атырау қаласының тұрғыны Бауыржан Сұлтанғалиев болып шықты. Жарылыс бойынша екі қылмыстық іс қозғалып, оны тергеу үшін жедел-тергеу тобы құ­рыл­ды. 2 және 4 қараша күн­дері жарылысқа қатысты деген кү­дікпен Усабеков Мейрамбек Албек­ұлы, Қал­қаманов Мирхат Исатайұ­лы жә­не Сагенов Әлімжан Булат­бек­ұлы ұсталды. Олар лаңкестік жа­саған­дықтарын толық мойынд­а­ды. Усабеков көрсеткен мекен-жайдан тағы екі жарылғыш қондыр­ғы­лар табы­лып, олар саперлардың көмегімен залалсыздандырылды. Тергеу көрсеткендей, лаңкестік топ 2009 жылы джихадтық идеялар, соның ішінде Солтүстік Кавказда қайтыс болған экстремистік үгіт­теу­ші Саид Бурятский идеяла­ры­ның әсерімен құрылғандығы ан­ықталды. Топ мүшелері шетелге джихадқа баруды да ойластырған. Құқық қор­ғау органдарына қарсы әрекет ету мақсатында джихадизмді ұстанушы­ларды ұстап алу мүм­кіндігіне жауап ретінде олар ми­на­лық жарылғыш істерін оқып үй­рен­ген. 2009 жылдың жазынан бері қыл­мыстық топ 5 жарылғыш қон­дыр­ғы жасаған. Оған қажетті құ­рам­ды (электролит, ацетон, гидроперит, қалайы ұнтағы және селитра) Атырау қаласындағы дәрі­ха­на­лар мен базарлардан алған. Жасал­ған қондырғыны адам тұр­май­тын жерлерде сынаған. Ағымдағы жылдың қыркүйе­гін­де осы топ биыл жазда Қазақстан Республикасының азаматтары Хибидолла Ринат, Мұнатов Орын­ба­сар және Зналин Дамирмен Қазақ­стан Республикасының аумағында джихад бастау мақсатында құрыл­ған «Джунд-аль-Халифат» (Халифат жау­ынгерлері) атты террорлық ұйы­мы­ның мүшелерімен байла­ныс ор­натқан. Аталған тұлғалар­дың қазіргі уақытта ауған-пәкстан шекара­сын­да бой тасалап және халықаралық террористер жағында ұрыс қимыл­дарына қатысып жүр­гендіктерін ат­ап өту қажет, дейді ресми өкіл. Осы ұйымның көшбасшысы Қа­зақстан Республикасының азаматы Хабидолла Ринат ағымдағы жыл­дың 25 қазаны мен 1 қарашасында интернетте Қазақстанға бағыттап қорқыту мәлімдемесін таратып, кейін Аты­рау­дағы терактілерге қатыс­ты жауапкершілік алған. Атырау­да­ғы жарылыс­тарға «Джунд-аль-Ха­ли­фат» ұйымы­ның қатысы барын тергеудің рас­тайтынын хабарлай­мыз, деді бұдан әрі Н. Сүйіндіков. Ұсталғандардың берген жауабы бойынша, Қазақстан аумағында, со­ның ішінде Атырау қаласында террорлық актілер жасау туралы нұс­қаулар дәл осы ұйым мүше­ле­рінен алынған көрінеді. Ағымдағы жылғы қазанның со­ңында қылмыстық топ құқық қор­ғау және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерін қорқыту акция­ла­рын өткізу жоспарын жүзеге асы­ра бастаған, осы мақсатта облыс­тық әкімдік пен прокуратура ма­ңында жарылыстар ұйымдастыру ту­ралы шешім қабылданған. Айта кететіні, ол жарылыстарды ұйым­дас­тыру жоспарында адам шығын­дары болуы қарастырылмаған екен. Осы жоспардың негізінде 28 және 30 қазанда Сұлтанғалиевтің пәте­рін­­де екі жарылғыш қондырғы жа­сал­ған. Қондырғыларды орнату кезінде көзге түспеу мақсатында олар тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лы­ғы жұмысшыларының киімдерін са­тып алған. 30 қазан күні кешкісін Саге­нов пен Усабеков жарылыс жа­са­луы мүмкін жерлерге барлау жасаған. Сөйтіп, 2011 жылғы 31 қазан күні сағат 9-дар шамасында алдын-ала бөлінген рөльдер бойынша Усабеков облыс әкімдігінің жанын­да­ғы қоқыс жәшігіне іске асырылған бом­баны сал­ған, ал Сұлтанғалиев көше сыпы­ру­шы бо­­лып жарылғыш қон­дырғыны прокуратура ғимаратына апаруға тиісті болған. Алайда, прокуратура ғима­ра­тына бара жат­қан­да қол­дан жасал­ған жарылғыш қон­дыр­ғы­ны пайдалануда қауіп­сіз­дікті сақта­мау салда­ры­нан Сұлтан­ға­ли­ев­тің өзі байқау­сыз­да жары­лып, оқиға болған жерде қайтыс болды. Осы­лайша, қазіргі уа­қытта 31 қазан күні Атырау қала­сында орын алған лаң­кестік актілер толық ашылды, қыл­мыстық топтың бар­лық 4 мүшесі анықталып, залал­сыз­­дан­дырылған көрінеді. Енді «Джунд-аль-Халифат» (Ха­­лифат жауынгерлері) террорлық ұйымына байланысты құқық қорғау және арнайы органдар оның мүше­лерін заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту және олардың қыл­мыстық әрекеттеріне тосқауыл қою жөніндегі барлық қажетті шара­лар­ды қабылдауға кіріскен. Тергеу жұ­мыс­тары одан әрі жалғасуда. Бас прокуратура елдегі жағдай құқық қорғау органдарының толық бақылауында екендігін, мұндай ке­леңсіз жәйттердің келешекте де жо­лы кесіліп, кінәлі тұлғалар сот ал­дында біздің заңдарымызға сәйкес жазаға тартылатындықтарын мә­лім­дейді. Жастардың Исламның негіздерін дұрыс түсінбей, біздің хал­қы­­мыз­­­ға жат идеологиялы діни ағым­дар­ға ілесу салдары осындай қайғы­лы жағ­дайларға душар ететіндігін атап, аза­маттарымызды қы­ра­ғылық танытып, үрейге және мұн­дай ар­ан­датуларға бой алды­р­мау­ға, оның ішінде өз ту­ыстары мен жақын­да­ры­ның ради­кал­ды құ­ры­­лымдар қата­ры­на ілесуінен сақ­тау­ға шақырамыз, дейді Бас про­ку­ра­тураның ресми өкілі. Бұған қоса соңғы күндері түрлі жарылыстар, сондай-ақ балаларды ұр­­лап кету мен өлтіру туралы және қо­­ғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қам­­тамасыз ететін үрейлі мән-жай­лары бар бірқатар басқа да сыбыс­тар жай­ында жалған хабарлардың та­ра­тылу деректері қоғамдық толқу ту­ғызып отырғаны белгілі. Бұл ретте, құқық қорғау органдары осы мәлі­мет­тердің барлығын бұқаралық ақ­парат құрал­дары арқылы жедел теріске шығарып отырғандарын атап өт­­­кен жөн. Дегенмен, осы сы­быстар ха­лықтың көп­шілігіне ұялы бай­ла­ныс, «В контакте», «Майл-агент», «Твиттер» секілді әлеумет­тік желілер, сон­дай-ақ басқа да танымал коммуникация құрал­да­ры арқылы белсенді түр­де талқыла­нып және жеткізіліп жатыр. Жекелеген теріс пиғылды адамдар мән-жайды «шиеленістіре» оты­рып, қандай да болмасын оқи­ға­лар­ды көзімен көргендерін айта бас­та­ған, тіптен білім беру мекемелері қызметкерлерінің де негізсіз үрей туғызу фактілері орын алды. Ал шындығында мұның бәрі жау­ап­сыз адамдардың бұзақылық әре­кет­тері мен балалардың әдеттегі тентектіктері болып отыр. Мысалы, ағымдағы жылдың 6 қарашасында Шымкент қаласында бір күн бұрын жұмы­сы­нан босатылған тепловоз депосының жұмысшысы Қадыр­ба­ев мас күйінде депоның диспетчеріне қоңырау ша­лып, бұзақылық ни­етпен Машат өзе­ні арқылы өте­тін темір жол көпі­рін­дегі жарылыс туралы хабарлаған. Алматы облы­сында азаматша Закирова бұзақы­лық ниетпен жасырын нөмірден өзінің танысына қоңырау соғып, оны Құрбан айтқа құрбан­дық­қа ша­латынын хабарлаған. Мектеп қа­быр­ғаларындағы бірқатар үрейлі жазуларды да осы мектептердің тө­менгі сынып оқушыларының өздері сабақты болдырмау мақсатында жаз­­ғандары анықталған. Осыған бай­ла­нысты, Бас прокуратура тара­тыл­ған сыбыстардың бірде-бірінің шын­дыққа жанаспайтынын және анық жалған ақпарат болып та­бы­ла­ты­нын жауапты түрде хабарлайды. Қазіргі таңда құқық қорғау ор­ган­дары әрбір фактіні тексеруде жә­не жалған хабарлар таратуға жә­не жағдайды тұрақсыздандыруға кінәлі адамдар заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылатын бола­­ды. Осы­­лайша еліміздің құқық қор­ғау ор­ган­дары қоғамдық қауіпсіз­дік­ті қам­та­масыз ету, халықтың өмі­рі мен ден­саулығына төнген қа­у­і­п­ті болдыр­мау үшін тұрақты негізде түбегейлі шаралар қабылдап отыр. Александр ТАСБОЛАТОВ.