Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2017

10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан территориясы бойынша тараған оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) алып келеді. Кей жерлерде жауын-шашын қатты болады. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын мен желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Атап айтқанда, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді, екпіні 23-28 м/с-қа, түнде облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с артуы мүмкін.

Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде сондай-ақ тұман, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, 17-22 м/с жылдамдықта жел тұрады. Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, 15-20 м/с екпінде жел күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні күндіз 25 м/с жетуі ықтимал. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.