«ҚараталАгроТех» компаниясының директоры Базархан Байтаев, жаңа «Арлан» жүрдек тракторларын шығару бастамасы жайлы былайша әңгімелейді.
– Қай саланың болсын қол жеткізген жетістігін айтқанда өткен ғасырдың соңғы жылдарындағы қиындықтар еске түседі. Мәселен, нарыққа өтпелі кезең қай саланың болмасын іргесін әлсіретіп-ақ кетті.
Жекешелендіру басталып, ұжымның қолындағы техника талапайға түсті. Ескілерінің өзіне қол жеткізу үлкен мәселеге айналды. Шаруашылық құрылымдары қосалқы бөлшектерді жамап-жасқаудың көмегімен «ілдәлдалаған» техникалар да сыр бере бастады. Оларды жаңалауға қыруар қаржы керек. Ал диқан болса, егістіктегі жұмыстардың агротехникалық талаптарға сай орындай алмағанына қынжылды. Демек, отандық техника шығару қажеттігі күн тәртібінде тұрды. Оны қолға алу керектігін түсіндік. Осы кезде сұранысқа ие жоба жүзеге асты. Бастаған ісіміз нәтижелі болды.
Қазір Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласында ауыл шаруашылығына арналған доңғалақты трактор шығару ісіне ұжым мүшелері белсене кірісіп отыр. Көп ойланып, жүрдек техниканы «Арлан» деп атадық. Тракторларды құрастыру бұрынғы жөндеу-механикалық кәсіпорны аумағында жүзеге асырылуда.
Әрине, күрделі мәселенің тиянағын келтіруге қыруар қаржы керек екендігі белгілі. Аталған жобаға 268 млн. теңге инвестиция тартылып, «ҚараталАгроТех» компаниясы құрылса, стратегиялық әріптесіміз – Қытайдың бірінші мемлекеттік «ҮТО Group» трактор зауыты. Жарты ғасырдан астам тарихы бар бұл зауыт әлемнің 98 елін техникамен қамтамасыз етеді.
Үштөбеде құрастырылатын «Арлан-200», «Арлан-254», «Арлан-404» тракторларының Қазақстан рыногында бәсекелесі жоқ екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Шағын және орта фермерлік шаруашылықтар үшін бағасы және қолданыста қолайлылығымен ерекшеленеді.
Әр трактордың пайдалану мерзімі 8-10 жылға есептелген. Жиырма аттық күштен 180 аттық күшке дейінгі аралықты қамтитын түрлі қуаттағы трактордың бес түрі шаруалардың қолына тиді. Жыл он екі айда бір толастамайтын ауыл шаруашылығында кәдеге асқан техника күші біз үшін қуанышты. Оған қоса зауытта басқа да ауылшаруашылық техникалары мен агрегаттары шығарылуда. Әлі де ізденісті істер жалғасатыны анық.
Зауыт жұмысын 2009 жылдың сәуір айында бастады. Содан бері көп уақыт өткен жоқ. Қазіргі кезде «ҚараталАгроТех» компаниясы жыл сайын 700 трактор құрастыруды жоспарлап, белсенділігімен танылып келеді.
Отандық «бренд» саналған кәсіпорынға жергілікті жердің жұмысшылары тартылған. Талайдың екі қолға бір жұмыс табуына негіз болған зауытта жиырмаға жуық жұмысшы еңбек етеді.
Қадам басқанына санаулы ғана жыл болған кәсіпорын жуырда жүз он алтыншы тракторын шығарды. Бұл – Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне тамаша тартуымыз. Ұжым әр күнді ерекше қарқынмен атап өтіп, сапаға ерекше көңіл бөлуде. Ойлап отырсақ, тәуелсіздік саланы да жаңғыртты. Оны өз ісімізден-ақ көріп отырмыз.
Күмісжан БАЙЖАН.
Алматы облысы.

Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді
Олимпиада • Кеше
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
Теннис • Кеше
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Олимпиада • Кеше
Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы
Олимпиада • Кеше
Ауа райы • Кеше
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қоғам • Кеше
Олимпиада-2026: Анастасия Городко параллель могулда 8-орын иеленді
Олимпиада • Кеше
Референдум әлемдік БАҚ назарында
Референдум • Кеше
Ата заң эволюциясы: Өтпелі кезеңнен кемел келешекке
Ата заң • Кеше