Әдебиет • 12 Желтоқсан, 2017

Жердегі жұлдыздар

882 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кезінде Жамбыл облысы  Мойынқұм ауданын­да бүкіл қазақтың «Ата шо­паны» атанған Жазыл­бек Қуанышбаевтың жо­рал­­­ғылы жолына түсіп, қа­наттаса, қатарласа жүре жақсы ісін жарқырата жал­­ғас­тырғандардың бірі Социа­листік Еңбек Ері Діл­даш Итбасова еді.

Жердегі жұлдыздар

Ол кісі ұзақ уақыт қой бақ­қан. Қазақ КСР Жоғарғы Ке­ңесіне екі рет депутат болып сайланған. «Қазақ КСР мал шаруашылығына еңбегі сіңген шебер» болатын.

Деп ойласаң:

«Құмда қалай бәрі әсем»,

Тағы айтайын

(мен де құмның баласы ем).

Мойынқұмды

Ділдаш болып түсін де,

Берекесін Ділдаш болып

сана сен!

– деп жырлапты сол бір шақта қазақтың бел­гілі ақы­ны Жақсылық Сәті­бе­ков (бірнеше жыл респуб­ликалық «Социалистік Қазақ­стан» газетінің Жамбыл об­лы­­сындағы меншікті тіл­шісі қызметін абыройлы атқарған).

...1983 жыл. Мойын­құмдағы Тұлпарсаз жайлауы. Бүкіл облыс, аудан жұрт­шылығы Ер ана – Діл­даш апаның 70 жылдығын айрық­ша салтанатпен атап өтті.

Мына сурет сол тойда тү­сірілген. Отырғандар: «Ай­дарлы» кеңшарының атақ­ты жылқышысы Майкөт Қар­сақов (солдан оңға қа­рай), Со­циалистік Еңбек Ері, Байзақ ауда­нының атақ­ты қызылша өсірушісі Сын­дыбала Оңғарбаева, еңбек пен ерлікті, бірлік пен ынтымақты ырлап отырған қырғыз ақыны Естемес Тұр­сыналиев, той ие­сі Ділдаш апа, Социалистік Еңбек Ері Дариға Жантоқова (бұл кісі де Байзақ ауданында қызылшашы болған) жә­не аупарткомның үшінші, яғ­ни идеология жөніндегі хатшы­сы Жұмабек Орынбаев (бүгінде Жамбыл облысы, Шу ауданының орталығы Тө­ле би ауылында тұрады, сек­сен үш жаста).

Біз сонда кеуделері алтын шапақты күндей жарық шашып, гүлдей жайнаған осынау «Үш құрбының» әдемі отырысын көріп, әсер­лі әңгімелерін естіген соң аудандық газетке «Жердегі жұл­дыздар» атты мақала жазған едік...

Берікбай ҚАДЫҚОВ,
журналист

Алматы облысы,

Қарасай ауданы