Әлем • 12 Желтоқсан, 2017

Сауд Арабиясында кинотеатрлар 35 жылдан кейін қайта ашылатын болды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауд Арабиясының билігі кинотеатрларға қатысты салынған тыйымды алып тастады. 

Сауд Арабиясында кинотеатрлар 35 жылдан кейін қайта ашылатын болды

Мемлекетте 1980 жылдары ислам фундаменталистерінің қысымымен кинотеатрларға тыйым салынған болатын. Енді 2018 жылдың наурызында Сауд Арабиясында кинотеатрлар қайта ашылмақ. 

Осы жылдың қаңтар айында бас мүфти Шейх Абдул аль-Шейх кинотеатрлар мемлекеттегі моральдық қағидаларды бұзады деген пікір білдірді. Бірақ ханзада Мұхаммед бин Салман Vision 2030 бағдарламасы аясында әлеуметтік және экономикалық реформалар аясында әйелдерге көлік жүргізуге және спорттық жарыстарға баруға рұқсат берді. Мемлекетте кинотеатрларға лицензия беру басталды. 

2030 жылға дейін Сауд Арабиясында 300-ден астам кинотеатр ашылады деп жоспарланған. Үкіметтің мәлімдемесінде мемлекеттің экономикасына кинотеатрлардан 24 млн доллар табыс түсіп, 30 мың жұмыс орны ашылатыны айтылған. Мәдениет және ақпарат министрі Аввад бин Салех те кинотеатрлардың ашылуы экономикалық өсімнің катализаторына айналатынын мәлімдеді.