Үнді шайының иісі

Ертеректе қазіргідей аста-төк дәрі-дәрмектер бола қоймайтын. Оны үлкендер жағы керексіне де бермейтін. Бас ауырса, бастың сақинасы ұстаса, көзге жел тисе ешқайда да жүгіріп жатпайтын. Торқалтаға қол салып шайын шығаратын. Оның қандай шай екенін бала екеш балаға дейін білетін. Өйткені оның иісі бұрқырап тұратын.

Егемен Қазақстан
12.12.2017 18189
2

Бұрындары қағаз шай болған. Сол қағазында суреті жүрер еді. Соның қастерлісі пілдің суреті бар шай болатын. Оны үнді шайы деуші еді. Иісі қандай еді жарықтықтың. Алты қырдың астында тұрып иісін жазбай тануға болатын.

Соны үлкендер жағы дәрі ретінде ішуші еді-ау. Қаладан келген баланың ата-анасына алған базарлығының қадірлісі осы үнді шайы еді дегенге кім сенер?!

Ақселеу ағам да сол үнді шайы секілді еді.

Қазақылығы барынша бұрқырап тұратын.

***

Әкей жамбасы қара жерге тигенше намазын қаза қылған жоқ. Дұға батасын айтқанда міндетті түрде:

– Асанқайғы бабамыздың қайғысынан сақтасын, – деп отыратын.

***

Ақадырдан қоңырау шалды. Өмір Кәріп ағамыз. Ақаңның емшектесі. Ол кісі бостекі қоңырау шалмайды.

– Ақаңа барып қайт. Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып жатыр ғой. Ел сөзін жеткіз, – деп телефон құлағын қоя салды.

Бұл 2004-тің қарашасы еді.

Жүрегім шым ете қалды. Кещелігімді тұқыртып айтқанда не айтқысы келді екен деп қоям. Ішім бір пәлені сезетін сияқты. Соны ішімнен айтам. Өтпей қалуы мүмкін ғой деп.

Ахаңмен хабарластым.

– Бүгін келсең де бейілмін , – деп қояды.

Астана бізге сүйкеніп тұр емес пе, түс әлетінде-ақ жетіп бардым. Ақаң жұмыста екен.

– Аудиторияда отырып шер тарқата алмаспыз, кешкі жетіде үйде бол, – деп ол кісі де телефон құлағын қоя салды.

Таксимен келе жатып, жол апатына ұшырап, үйге түнгі онға қарай барайын.

– Жеті деп едім ғой…

Зілсіз айтты.

Жөнімді айтып едім, аунап түсті.

– Нағашыңды қарсы ал, Мәди, – деп немересін шақырды.

Ағам төрге бастады. Дастарқан қайысып тұр. Қонақ шақырған екен ғой, кісілері қайда екен деп қоям. Содан дастарқан басында төртеуіміз отырмыз. Ақаң, Орал жеңгей, Мәди және мен.

– Ақселеу айта береді дейсіңдер ғой. Менің де бір өнерімді көріңдер. Мынаның бәрі менің қолымнан шығып отыр. Шай мен қантты базардан алдырдым…

Аузыма сөз түссе, кәне?! Атығайша турас, қарауылша турас деп ет тураудың екі түрін көрсетті. Мен де қалыс қалмай, бас ұстаудың Машай түрін көрсеттім.

Бас ұстағандықтан бата бердім. Соңғысын қайтып қайталатты:

– Қорқыттың бебеуінен, Асанқайғының қайғысынан сақтасын, – дедім.

– Бой жазайық , – деп Ақаң өз бөлмесіне бастады.

Толып жатқан бумаларымен таныстырды.

Соның екеуін ерекшелеп алдыма қойды. Тарихи тұлғаларымыздың, оның ішінде батырларымыздың, би-шешендеріміздің, болыстарымыздың қайда жерленгендері жөніндегі деректер алдымнан жамырап қоя берсін. Ішінде бірқатар мазарлар мен бейіттердің, атбесіктердің, тақыттардың фотосуреттері тізбеленіпті.

– Ел ішінде жүрсің ғой. Жинақтауға атсалысқын, – деді.

Мен сол жерде-ақ біраз тарихи тұлғалардың жербесіктері жөнінде айтып бердім. Кейін фотосуреттерін де жібердім.

Әңгімеміздің арнасы біртіндеп күйге қарай аунаған.

– Мына ғажапты қараңыз! ХІХ ғасыр, қазақтың рухани мәдениеті ХІХ ғасырдағыдай биікке ешқашан көтеріліп көрген жоқ, әлі де көтеріле алмай келеді, егер қазірде ұлттық бір төл тумамыз туындап жатса, ол сол мұрамыздың екпіні, жалғасы ғана. ХІХ ғасыр ол – Абай, Махамбет, шешендер, жыраулар. ХІХ ғасыр ол – Ақан, Біржан, Мұхиттар. ХІХ ғасыр ол – Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Ықылас, Қазанғаптар. Мың жылдық тарихы бар сәулет өнеріміз қайта жаңғырды. Қолөнеріміз Еуропа мұражайларының сәнін кіргізді. Саяси, әскери рухымыз шырқар шегіне жетіп жығылды. Ол – Исатай-Махамбет көтерілісі, ол – Кенесары көтерілісі. Мұндай азаттық үшін тегеурінді көтеріліс әлем халықтарының тарихында сирек болды. Осының барлығы ХІХ ғасыр қазақтың алтын ғасыры деуге дес береді. Сол алтын ғасырымыздың рухани алтын діңгегі ол – күй өнері.

Мен бұл тақырыпқа кездейсоқ келген жоқпын. Мен күйшілер отанында дүниеге келдім. Мені тудырған топырақ ол – Тәттімбет, Дайрабай, Ықылас, Сайдалы сары Тоқа, Қыздарбек, Бәубек, Сембек, Итаяқ, Абдолла, Әбікен… біздің ауылдың шалдары ең нашары деп менсінбей отыратыны Мағауия. Сол Мағауияңыз ұлы күйші болатын…

Осы жерге келгенде Ахаң әңгімесін кілт үзіп Әшімтайдың мұрасы жөнінде сұрағаны. Әкемнің інісі Қасымжан ағатайым «Қоңырқазды» қоңырлатқанда ішімізден тынып отыратынбыз-ды. Ағатайым айтар еді:

– Мұнда жалғыз қаздың ғана қаңқылы бар, – деп.

Біз сол дыбысты ажырата алмай жатар едік.

– Болса болар, жамыраған қаңқыл шалынбайды. Түптің түбінде, осы қосбасарлардың табиғатын сен ашып беретін шығарсың. Менің күй қабылдауым классикалық канон. Сенікі атымен кері. Атавизмдік канон. Сенің Арқа қосбасарлары жөніндегі пайымың бәрімізді де ойландырады. Сен күйдің табиғатын ашсам деп талпынасың, мен тарихын қаузап келемін.

Халқымыздың арғы-бергі ғасырдағы осынау күй өнерін тарих қойнауынан алып шығып, ел кәдесіне жарату менің маңдайыма жазылған екен. Бұл бір ғана музыкатанушылық кітабы емес. Онда соңғы екі жарым мың жыл ішіндегі Еуразия көшпелілерінің тарихы, этнографиясы, фольклоры қамтылған. Ғұмырымның жиырма бес-отыз жылын осыған арнадым. Бірақ, еш өкінбеймін. Сол еңбегім үлкен сыйлыққа ұсынылып жатыр. Алса – нұр үстіне нұр, жазатайым еленбей жатса – оған да өкінбеймін. Өкінбейтінім – осы кітаптың соңғы қазақ қалғанша өлмейтініне сенімдімін. Кітабымның күй өнерін парықтай білетін қазақ баласының қолынан түспейтініне сенімдімін. Төрехан шырақ, бұл сенің аузыңнан шығатын сөз еді, соны сен маған айтқыздың-ау…

Ахаңның бұл сөзін мен де ішімнен айтып отырғанмын.

Ахаңмен бұл бірінші кездесуім емес. Кездескен сайын өсіп, кемелденіп қайтамын.

Ақадырда, айтып отырған Өмір ағамыздың үйінде дастарқандас болғанымыз бар. Ахаңның қажылық сапарына барып келген кезі. Сондағы әңгімеміз есімнен кетер емес.

– Әлі шекарамыз қайсы деген заман да туады. Сорақылығымыз сол сауалды өзімізге емес басқаларға қоятын боламыз. Біздің шекарамызды басқалар белгілейтін болады. Сенің әкең айтып отырған Асанқайғының қайғысы сол.  Асан бабамыз сондай күн туатынын білген. Білгендіктен де желмаясына мініп қазағының жерін түгендеп кеткен. Шекарамызды айқындап берген. Сол Асан бабамыздың сөзін біз айта алар ма екенбіз?!.

Ахаң қандай данышпан еді?! Айтпақ тұрсын буған аузымыздан жаңылмай тұрмыз ғой.

Асан бабамыз бен Ахаңды шендестіргеніміз жараса қоймас. Дегенмен мынаны айтуымыз керек болады. Жерімізді Асан баба түгендеп берсе, елімізді Ақселеу аға түгендеп беріп отыр. Түгендегені сол, ол қазағына домбырасын қайырып берді. Ал қазақ деген – домбыра…

Менде де бір уайым бар. Қазақсыз Қазақия деген. Ахаңның уайымы ғой.

***

Бүгінде өзіміз де намазға жығылғанбыз. Біз де дұға батасын қайыратын болғанбыз. Міндетті түрде:

– Асанқайғы бабамыздың қайғысынан сақтасын,– деп отырамыз,– Ақселеу ағамыздың қайғысынан сақтасын,– деп қосып айтамыз.

***

Бүгінде қағаз шай жоқ.

Пілдің суреті де ізім-қайым жоғалды.

Алайда үнді шайы қалды.

«ЭКСПО»-ға алғашқылардың бірі болып ұмтылдым. Үнді павильонында болдым.

Удай бағасына қарамастан шайдың үш-төрт келісін алғам.

Үйдегілерді қуантайын деп базарлығымды ашайын. Ел лап қойды. Ал мен болсам көзіммен жер шұқылап кеттім. Өйткені шайдың иісі жоқ еді. Жер-көкті алып кететін жұпар иісі...

Сол шайымыз әлі бар. Шөл басатын сусын ретінде ішіп жатырмыз.

Ақаң да келместер көшіне ілескен.

Артында қаншама ізбасарлары қалды. Алайда олардан қазақылық иісі шықпақ  тұрсын Ақаңнан тозаң да тұрмапты-ау...

Құныкеңнің шақшасы еді деп ұстайтын шақшасы қандай еді-ау...

Оясына насыбай салып атып, түкірінбейтіні де бір тұрпат еді-ау...

Домбыранының шегін босатып былпылдататыны қандай-еді-ау...

Біздің ауылдың шалдары былай деп бастаушы еді деп сөз саптайтыны қалай еді-ау...

***

Ақселеуді бағалай алмай жатырмыз-ау әлі...

Бұйыртқанымыз Жаңаарқадан бір төмпешік қана...

Төрехан МАЙБАС,

этнограф-жазушы

ҚАРАҒАНДЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Jaýapkershilik joq jerde...

22.01.2019

Ұлттық бірыңғай тестілеуді жылына төрт рет тапсырады

22.01.2019

Бюджет жобалары артық шығынды көтермейді

22.01.2019

Тарихи-мәдени мұра – баға жетпес қазына

22.01.2019

Қоғам жаңғырмай, сана жаңғырмайды

22.01.2019

Суармалы алқаптар қалпына келтірілуде

22.01.2019

Білімді азаматтар жемқорлыққа неге жол береді?

22.01.2019

Өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды

22.01.2019

Сапалы жолды сақтаудың әлегі

21.01.2019

Мектеп түлегі «Болашақпен» оқи алады

21.01.2019

Шағын фермалардағы жоғарғы технология

21.01.2019

Қостанай облысы өткен жылы алғаш рет экспортқа мол ет шығарды

21.01.2019

Тереза Мэй Еуроодақтан шығуға байланысты қосымша жоспарын таныстырады

21.01.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Республикасы Президентінің ресми сапары бойынша брифинг өткізді

21.01.2019

Қазақстанда соңғы 10 жылда нәрестелер өлімі-жітімі екі есе төмендеді

21.01.2019

Қарағандыда мамандандырылған фронт-офис ашылды

21.01.2019

Нұрлан НҰРҒАЛИЕВ: Ағам – мен үшін нағыз қаһарман!

21.01.2019

Әулиеатада денсаулық сақтау деңгейі жақсарып келеді

21.01.2019

Сыр өңірінің «Өлкетану» оқулығы әзірленді

21.01.2019

Қызылорда облысында экспорт көлемі артады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу