«Ақкөл» ғарыш аппараттарын жерден басқару кешені 2005 жылдан бері жұмыс істейді. ТМД елдерінде теңдесі жоқ орталық іске қосылғалы ұлттық ғарыш саласын дамыту, тың жобаларды енгізу бағытында көптеген жұмыстар атқарылды. Алайда әлі күнге дейін арнайы заңдардың жоқтығы алға қойған мақсаттар мен міндеттерді кідіріссіз жүзеге асыруға қолбайлау болып келеді. «Ғарыш қызметі туралы» заң жобасының Парламент қарауына ұсынылғанына үш жылдан асыпты. Жуырда заң Мәжілісте талқыланып, бірінші оқылымда мақұлданған. Енді Сенаттың талқылауына ұсынылмақ. Парламент Сенатының бір топ депутаттары аталмыш ғарыш орталығында болып ақпараттық-техникалық, кадрлық қамтылу жағдайымен егжей-тегжейлі танысты. Мұнда «Ғарыш» агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев, Ғарыштық байланыс республикалық орталығының президенті Виктор Лефтер ғарыш саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты мағлұмат берді.
Агенттік жетекшісі биыл жазда Kazsat-2 спутнигінің ұшырылғанын, сынақ мерзімінің ойдағыдай өтіп жатқанын, есептік сынақтар аяқталғаннан кейін Қазақстанның меншігіне алынатынын айта келіп, жаңа жобаның еліміз үшін зор маңыздылығын атап көрсетті. Операторларымыз шетелдік спутниктік қызметтерін жалдау үшін жыл сайын үш миллион доллар көлемінде шығынданады екен. Енді мұндай проблемалар орын алмайды. Бұдан былай спутниктік жүйе Қазақстанды, Орталық Азия елдерін, Ресейдің орталық бөлігін ақпараттармен қамтамасыз ететін болады. Еліміздің шалғай елді мекендері де спутниктік жүйені пайдалану мүмкіндігін иеленеді.
Сенаторлардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде көптеген ұсыныстар айтылды. Т. Мұсабаев жиналғандардың назарына тағы бір жаңалықты жеткізді. Оның айтуына қарағанда, Kazsat-3 спутнигін ресейлік және француздық компаниялар жасауды қолға алыпты. Жобаның құны 180 миллион долларды құрайды. Ол әлдеқайда жетілдіріліп, батыстық үлгіде жарақтандырылған.
Өмір ЕСҚАЛИ.
Ақмола облысы.

Филиппинде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 78 адамға жетті
Әлем • Бүгін, 11:10
Ел тұрғындары шілде айында қанша күн демалады?
Мереке • Бүгін, 11:01
Вьетнам шетелдіктер үшін елге кіру рәсімін жеңілдетті
Туризм • Бүгін, 10:52
Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған
Аймақтар • Бүгін, 10:51
Жамбыл облысында пара алған экс-полицейлерге сот үкімі шықты
Жемқорлық • Бүгін, 10:37
Иран Ормұз бұғазындағы алымдарды 60 күнге тоқтатты
Әлем • Бүгін, 10:30
Volkswagen компаниясы 50 мың жұмысшыны қысқартады
Әлем • Бүгін, 10:22
Астана мен Алматыдан Ыстықкөлге тікелей рейс ашылды
Логистика • Бүгін, 10:11
Талдықорғанда есірткі таратқан ерлі-зайыпты ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:59
Степногорскіде оқушылардың жеке деректері тарап кеткен: Кінәлілер жазаланды
Оқиға • Бүгін, 09:45
Табиғатты қорғау – ортақ жауапкершілік
Экология • Бүгін, 09:10
Спорт • Бүгін, 09:07
Жануарлар • Бүгін, 09:05
Футбол • Бүгін, 09:03
Қоғам • Бүгін, 09:02