Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2017

Ақтөбеде жалдамалы коммуналдық тұрғын үйлер құрылысы артып келеді

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні баспана мәселесін түбегейлі шешудің оңтайлы жолдарының бірі – жалдамалы коммуналдық тұрғын үйлер болып отыр. Осыны ескерген Ақтөбе облысының әкімдігі бұл мәселеге басымдық бергенді жөн көреді.

Ақтөбеде жалдамалы коммуналдық тұрғын үйлер құрылысы артып келеді

Соның нәтижесінде бүгінде Ақтөбе қаласында және облыстың барлық аудандарында жалдамалы коммуналдық тұрғын үйлер құрылысы қызу қарқын алып келеді. Оның өрісі әсіресе Алға қаласында өте кең деуге болады.

Биыл мұнда осындай бағыттағы 136 пәтерлі үш тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген болса, қазіргі күні оның алғашқы легіне тұрғындар қоныстана бастады. Сыңғырлаған су жаңа пәтер кілттеріне ие болғандардың басым бөлігін көп балалы және аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ бюджеттік сала қызметкерлері құрайды. Солардың бірі көп балалы ана Аққайша Құлмағамбетова өзінің көтеріңкі көңіл күйін «Egemen.kz» тілшісіне былайша жеткізді.

- Өзге біреудің жекеменшігіндегі үйді жалдап тұру – ақшаны бостан-бос айдалаға шашумен бірдей. Ал жалдамалы коммуналдық тұрғын-үй жағдайында алдағы уақытта өзіңнің иелігіңе көшетін баспана үшін қаражат төлейсің. Екеуінің біраз айырмашылығы бар. Біздің көп балалы отбасы үшін коммуналдық пәтер өте ыңғайлы. Оның кілті қолымызға тиіп, қуаныш құшағында жүрміз. Осы үлкен істің ыңғайын келтіре білген азаматтарға айтар алғысымыз шексіз. Мұның бәрі бірінішіден егемен ел болғанымыздың арқасы деп түсінемін.

Тәуелсіздік мерекесі күндері және жаңа жыл қарсаңында Алғада қоныс тойын тойлаушылар қатары одан әрі көбеймек.

Темір ҚҰСАЙЫН,
"Егемен Қазақстан"