Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2017

Жас сақшылар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде болды

567 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ширек ғасырлық тарихы бар Қазақстан полициясы ел тыныштығын күзетіп, қоғамдық тәртіптің сақталуына үлес қосып келеді. 

Жас сақшылар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде болды

Соның ішінде шаһар айнасы саналатын темір жол мен әуежайдағы тәртіпке қырағылық таныту Көліктегі ішкі істер департаментіне жүктелген жауапты міндет. Рухани сілкініс жасап, жаңаруды талап ететін бүгінгі уақыт тәртіп сақшыларына жан-жақты, ішкі дүниесі толысқан, білімді болуға шақыруда.

Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады деген салмақты сөз қалған бабалардан. Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында сананың ашықтығы қажет екендігін бағдарлағаны баршамызға белгілі. Өткенін білмеген келешегін қалай алмайды. Себебі тарих ол сан сұрақтың жауабы, телегей тәжірибе.

Тәуелсіздік мереке қарсаңында Астана станциясындағы ішкі істер желілік басқармасының жас полиция қызметкерлері жәдігерлермен танысу үшін ҚР Ұлттық музейіне барды. Онда «Тәуелсіз Қазақстан», «Астана», «Алтын», «Ежелгі және орта ғасырлар тарихы», «Замануи өнер», «Тарих», «Этнография» залдарында болып, тарихи деректермен танысып, желтоқстан құрбандарына арналған бұрышқа тағзым етіп, өткенді оймен шолды.  

«Музей - өткеннің өнегелі көрінісі. Алпауыт ақпарат ордасы. Жас сақшыларды патриоттық тәрбиелеуде музейдің алар орны ерекше. Санасы ояу, сауатты полиция маманы болу үшін тарих, әдебиет, тағы басқа рухани қайнарлар қатты қажет. Оның үстіне биыл Қазақстан полициясы құрылғанына 25 жыл. Тәуелсіздігімізге ширек ғасырдан астам уақыт толып отыр. Ел өңіріндегі маңызды қадам - мемлекетіміздің елордасын Ақмолаға ауыстырғанына да 20 жыл болыпты. Сол себептен, біз тәлімгерлік парызымызды орындай келе, тарихы тереңде жатқан бай мұрамызды жас мамандар көзбен көріп, олардың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында Ұлттық музейге келіп тұрмыз» – деді астаналық ішкі істер желілік басқарма бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Дастан Әділханов. 

Байжан Емберді

Астана станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекші маманы