Әдебиет • 13 Желтоқсан, 2017

«Алтын тобылғы» байқауы мәреге жетті

141 реткөрсетілді

Назарбаев орталығында жас жазушыларға арналған «Алтын тобылғы» жыл сайынғы республикалық байқауының қорытындысы бойынша Қазақстанның ең үздік жас жазушылары марапатталды. Іс-шара Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған.    

Байқау жыл сайын ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қорымен, сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағы мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен өткізілуде. Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық әдебиетте жаңа есімдерді қалыптастыру және жас қаламгерлердің өмірлік философиясын көрсететін қазіргі заманғы әдебиетке қоғамның қызығушылығын арттыру.

Байқауға еліміздің 18-35 жас аралығындағы жас дарындар қатысты. Бұдан бұрын еш жерде жарияланбаған туындылар ғана қабылданды. «Алтын Тобылғы» сыйлығы «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балаларға арналған шығарма» және «Туған ел» арнайы номинациялары бойынша берілді.

Марапаттау рәсімі барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Жұмабаев Қанат: «Алтын тобылғы» байқауы Қазақстанның жас таланттарын қолдауға бағытталған және олардың әдебиет саласындағы шығармашылық әлеуетін көпшілікке танымал етуге мүмкіндік береді. Жас ақын-жазушылар, прозаиктер мен драматургтердің жаңа есімдері елге танымал болып, шығармалары қазіргі заманғы әдебиетте лайықты орынға ие болуда. Осындай байқаулардың көмегімен қазақтың атақты ақын – жазушылары Абай Құнанбаев, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов сияқты болашақта жарық жұлдыздар шығады деген үміттемін. Биыл біз «Алтын тобылғы» байқауының 2015 және 2016 жылғы үздік жұмыстарынан тұратын кітап басып шығардық. Ал бүгін 2017 жылдың үздік қаламгерлерін марапаттап отырмыз. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймын!», деді.    

Шығармаларды еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар және журналистерден құрылған Қазылар алқасы сараптады. Қазылар алқасын Қазақстанның жазушылар одағының басқарма төрағасы Оразалин Нұрлан басқарды. Байқауға ұсынылған жұмыстар жанрға сәйкестік, ойлау дербестігі, авторлық ұстаным, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, көркемдік қиял мен шығармашылық көзқарас, эстетикалық әсер тереңдігі сияқты өлшемдер бойынша бағаланды. Байқауға ұсынылған туындыларды бағалау әділдігі барынша жоғары болу үшін шығарма лақап атпен қабылданып, сараптау кезінде қазылыр алқасы шығармалар авторларының есімдерін білмеді. Байқау жеңімпаздары: «Үздік проза» номинациясы бойынша – Бейбіт Сарыбай. Сыйлық қоры – 1 000 000 тг; «Үздік поэзия» номинациясы бойынша – Мерей Қарт және Ұларбек Нұрғалым. Сыйлық қоры – әрбір жеңіпмазға 750 000 теңгеден; «Балаларға арналған үздік шығарма» номинациясы бойынша – Әлмаш Айсұлу Жолтайқызы және Туреханова Зауре Галымбековна. Сыйлық қоры – әрбір жеңімпазға 750 000 теңгеден; «Туған ел» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды бойынша – Мақпал Мыса атанды. Сыйлық қоры – 1 500 000 тг. Биыл, өкінішке орай, «Үздік драматургия» номинациясы бойынша байқаудың барлық шарттарына сәйкес келетін жұмыстар болмады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Алтын Тобылғы» әдебиет сыйлығын алғаш рет 2015 жылы тағайындаған. Байқау еліміздің шығармашыл дарынды жастарын қолдауға арналған Тұңғыш Президент қорының жобаларының бірі.

Бағашар Тұрсынбайұлы,

Суретті түсірген Ерлан ОМАР,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Дүние»-бақтың жемісі

Руханият • Бүгін, 10:33

Сипаты бөлек «сыпайылық»

Руханият • Бүгін, 10:07

«Құныскерей» – құнды еңбек

Руханият • Бүгін, 09:53

Қазақ тарихының қасіреті

Руханият • Бүгін, 09:44

Ертегілік ес әлемінің өкілі

Руханият • Бүгін, 09:37

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Бүгін, 09:31

Заманымыздың Білге Қағаны

Руханият • Бүгін, 09:22

Ұқсас жаңалықтар