Президент • 15 Желтоқсан, 2017

Тәуелсіздік пен Елбасы – егіз ұғым

2045 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік күні – халқымыз, ұл­тымыз үшін ең қастерлі де қасиет­ті мереке. Әрі өткеніміз бен бүгіні­мізді саралап, болашағымызды бағам­дай­тын, оң-солымызды түгендейтін уақыт межесі. 

Тәуелсіздік пен Елбасы – егіз ұғым

Ширек ғасыр ауқымындағы елі­міздегі орасан өзгерістер мен қол жет­кізген табыстардың табиға­ты­на зер сал­сақ, бір нәрсеге анық көз жеткізер едік. Тәуелсіз мемле­кет­тің жетістіктері мен табыстары­ның қайнар бастауында Қа­зақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың қайраткерлік тұл­ғасы тұр, қайталанбайтын қолтаңбасы жатыр. 

Тәуелсіздік пен Елбасының ажы­­рамас егіз ұғым болуы да осы себепті.

Бұдан 25 жыл бұрын Н.Ә.Назар­баев­­тың «Қазақстанның еге­­мен мем­лекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты бағдар­ла­ма­лық еңбегі жария етілді. Бүгін­гі уақыт межесінен қарағанда, атал­ған бағдарламаны тәуелсіз еліміз­дің болашақтағы даму бағыты­ның тұжы­рымдамалық іргета­сын қалаған тарихи құжат деп баға­лауымыз керек. 

Президент сол кездің өзінде-ақ ел өміріндегі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалардың, жаң­ғыру мен жаңарудың маңыздылығы мен қажеттілігін теориялық тұрғыда негіздеп берді. 

Тәуелсіздік жылдары қоғамдық өмірдің барлық саласында зор ау­қым­дағы, жүйелі модерниза­ция жүр­гізілді. Мемлекет құрылысындағы эко­но­микалық, саяси конструкция­лар түбегейлі өзгертіліп, жаңа­р­тыл­ды. 

Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялағанына 26 жыл өткен соң біз бұл өзгерістердің жемісін кө­ріп отырмыз. Қазақстандағы жаң­ғы­ру процесі батыл, бірегей және праг­ма­тикалық ұстанымда жүргізілді. Мем­лекетті құру, аяғынан тік тұрғы­зу кезеңінде нақты мақсат-мұраттары­мызға қарай, эволюциялық жолмен жетілдіріліп, іске асырылып отырды. 

Әрине тәуелсіз мемлекет пен оның құрылу тарихындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұлжы­мас, айрықша рөлі туралы талда­малық еңбектер аз емес. Десе де, Пре­зи­денттің көшбасшылық қасиетінің модернизациялық процестерге терең әсері мен ықпалы әлі де зерделеуді талап етеді деп ойлаймын. 

Меніңше, Елбасының басқаруы­мен іске асырылған реформалар мына екі тұғырдан бастау алады: эволюциялық қозғалыстар қағи­да­сына басымдық беру және үнемі инновацияларға арқа сүйеу. Даму­дың ұлттық стратегиясы осы екі бастаудың тоғысуынан қалыптасып отыр. Даму мен жаңғырудың «Назарбаевтық үлгісі» дегеніміз – осы. 

Бұл үлгінің негізінде қандай құндылықтар жатыр? Бұл үлгінің негізінде халық пен мемлекет ара­сындағы – ел мен Елбасы арасындағы ажырамас байланыс, мызғымас сенім, ортақ таңдау мен біртұтас мүдде қа­бысып жатыр.

Елбасының күш-жігері мен көре­гендігі сонда, ол ұлтқа дамудың ең оңтайлы, ең дұрыс бағытын көрсетіп берді. Мемлекет пен қоғамды жаңар­тудың түпқазық қағидаларының бірі «алдымен экономика, содан кейін саясат» қағидасы болғаны белгілі. Бұл қағиданың қаншалықты дұрыс болғандығын біз бүгін мейлінше терең түсініп отырмыз. Нарықтық эко­номиканың іргетасын бекіту, орта таптың пайда болуы, жалпы ха­лық­тың әл-ауқатының жақсаруы бүгінгі таңдағы саяси және рухани жаңаруларға жол ашып беріп отыр. 

Біз жоғарыда мысалға келтірген «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты бағдарламалық еңбегінде Н.Назарбаев: «Біз қалыптасқан шындықты байсалды бағалап, қандай да болмасын әсіре құлшыныстан бас тартып, сабырлы да салмақты практицизммен қарулануға тиістіміз» деп жазды. Елбасының осы прагматикалық ұстанымы тәуелсіз мемлекетті жаңғыртып, жаңартудың негізіне айналды. 

Жаңғыру саясаты нақты мақсат-міндеттер төңірегінде жүзеге асты. Экономикалық реформалар табысты жүргізіліп, қоғамның жаңа әлеуметтік инфрақұрылымы жасалды. Халықтың, саяси, құ­қық­тық мәде­ниеті барынша өсті. Радикализм мен әлеуметтік масыл­дыққа тосқауыл қойылды. Соның арқасында, жоғарыда айтқан тұрақ­тылық пен жаңарудың мызғымайтын негізі қаланды. 

Дамудың қазақстандық үлгісі ішкі саясаттағы қолданыс үшін ғана емес, халықаралық аренадағы тәуелсіз мемлекетті тап басып танытқан төлтума белгімізге айналды. Бір сөзбен айтқанда, бұл экономикалық, саяси, рухани жаңғыруға бастайтын мүлде жаңа реформалар әдістемесі болды. 
Тарихтан белгілі, көптеген дамыған елдердегі реформалар түрлі өзгерістерге ұшырап, екі-үш мәрте қайталанып жасалды. Алысқа бармай-ақ, Азиядағы, соның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы реформаларды мысалға алсақ та жеткілікті. 

Тәуелсіз Қазақстандағы реформалар жаңа парақтан, нақтырақ айтқанда «тақыр жерден» басталды десе де болады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан экономикасы ешқандай бәсекеге қарсы тұра алмайтын, меңіреу бір түкпірдегі кеңестік экономика еді. Экономиканың, қоғам мен әлеуметтің өне бойы кеңестік саяси жүйе мен идеологияның шырмауында болатын. 

Осындай алмағайып кезеңде Мемлекет басшысына батыл әрі жедел модернизация жасауына тура келді. Ол өз жемісін берді де. Сол жылдардағы жаңарудың табиғаты инновациялық, мобилизациялық сипатта жүргізілді. Ол үшін бір жағынан батыстық технологиялар мен экономикалық инновациялар қолданылса, екінші жағынан әлеуметтік, мәдени дәстүрлердің әлеуетін жаңа заманға шұғыл бейімдеп, жұмылдыруға тура келді. 
Мұндай тәуекел қадам жаңа мемлекеттер мен қоғамдар құрудың ерекше үлгісі болатын және саяси ғылым тарихына «Назарбаевтың мемлекеттік үлгісі» атауымен енуіне толық құқы бар. Осындай шын мәніндегі ауқымды бастамалар келешекте мұқият зерттеуді талап етеді. 

Бірнеше жыл бұрын қоғам қайраткерлері, оның ішінде мен де бармын, Н.Назарбаевтың халық пен мемлекет алдындағы баға жетпес еңбегін ескеріп, «Елбасы» мәртебесін ресми енгізу бастамасын көтерген едік. Бұл бастама елімізде жасалған бірегей, табысты қоғамдық-саяси инс­титутты іс жүзінде лайықты бағалау болатын. 

Осы тұрғыда Елбасы мәртебесі туралы заң қабылданғанымен, мұны ұлттық көшбасшылық концепциясын қалыптастырудың басы ғана дер едім. Енді «Елбасы» ұғымын саяси сөздікте орасан модернизациялардың басты факторы ретінде, бірегей қоғамдық-саяси институт ретінде қарастыру қажеттілігі туындап отыр. Мем­лекетті құру мен қоғамды жаңғыр­ту процестеріндегі Елбасының феномені баяғыда-ақ теориялық тұжырымдардан прак­ти­калық шешімдерге көшкен. 

Елбасы феномені ұлттық жаң­ғыру жобасының басты факторына айналды. Біз бүгін қоғамды түбегейлі өзгертуге бағыт ұстанған әлемдік деңгейдегі қайраткердің заманында тарих жасап жатырмыз. Ең бастысы, қазақстандық даму жолының ешқайда бұрылмайтынына, тек алға баса беретініне деген халықтың, қоғамның сенімі зор. 

Тәуелсіздік және Елбасы дегенде – ұлттық даму мен ұлттық көшбасшылық туралы айтқанда, біз жоғарыдағы тоқтамдарды басшылыққа алуымыз керек. 

Біздің алдымызда үшінші жаңғырудың үш бағыттағы ауқымды міндеттері тұр. Эконо­микалық дамуға саяси қолдау қажет. Ал олардың жаңа дәуірдегі іргетасы қоғамдық сананың, жеке тұлға болмысының рухани жаңғыруы болмақ. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы жаңғырудың жаңа мақсат-мұраттары мен мән-маңызы осыны меңзейді. Оған ұлттық бірлік пен қоғамдық татулық арқылы ғана қол жеткізе аламыз. 

Тәуелсіз Қазақстан ширек ғасыр ауқымында адам танымастай өзгерген, айтарлықтай жетістіктерге жеткен мемлекетке айналды. Ал мұраты мәңгі, мақсаты биік, жаңа үлгідегі мемлекетті құруға Елбасы факторы шексіз мүмкіндік берді.     

Осы тарихи уақытты, жетіс­тік­теріміз бен табыстарымызды, құн­ды­лықтарымызды қадірлей, бағалай білу бізге парыз.

Дархан КӘЛЕТАЕВ,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты