Қазылар Майя Манезаны бас жүлдеден айырды
Парижде Қазақстан ұлттық құрамасының өнері көпшілік көңілінен шығуда. Сәрсенбіге дейін небәрі екі спортшымыз ғана жарыс жолына шықты. Бұл сында екеуі де жақсы өнер көрсетті. Жексенбіде Зүлфия Чиншанло (53 кило) түркиялық Айлым Дасделен мен қытайлық Джи Джингті жолда қалдырып, алтыннан алқа тағынса, сейсенбіде Майя Манезаның (63 кило) асқан шеберлігіне тәнті болдық. Жарыс қарсаңында мамандардың көбі бұл салмақ дәрежесінде негізгі бәсекелестік біздің Манеза мен қытайлық Хиофанг Кианг арасында өрбиді деген пікір айтты. Сонымен бірге Ресейдің Светлана Царукаева мен Марина Шаинованың да мүмкіндіктері жоғары бағаланды. Осы спортшыларға чемпионатта осындай сенім артылғаны тегін емес. Манеза – әлемнің екі дүркін чемпионы. Кианг – әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия біріншілігінің жеңімпазы. Царукаева бірнеше рет әлем чемпионатында жүлдегер атанды. Шаинова – Еуропа чемпионы.
Сейсенбі күні жұлқып көтеру жаттығуы бойынша Светлана Царукаева алдына жан салмады. Ол 117 килолық зілтемірді тік көтеріп, әлемнің жаңа рекордын жаңартты. Хиофанг Кианг екінші орынға табан тіреді. Оның көрсеткіші – 113 кило. Майя Манеза 109 килолық нәтижемен үшінші сатыға жайғасты. Серпе көтеруде қытай қызының жолы болмады. Кианг 133 килоны қанағат тұтты. Марина Шаинова 135 киломен шектелді. Царукаеваның 138 килоға әлі жетті. Манеза алғашқыда 139 килоны еңсере алмағанымен, екінші рет дәл осы салмақты ырқына оңай көндірді. Бұл – кемінде қола медаль қоржында деген сөз. Алайда бұл нәтижемен шектеліп қалуды жөн көрмеген қазақстандық зілтемірші 147 килоға тапсырыс берді. Осы кезде бүкіл зал іштей тынды. Егер Майя бұл салмақты басынан асырса, әлемдік рекорд төрт килоға жаңарады. Біздің Манеза тәуекелге бел буып, зілтемірді мойнына дейін жеткізді де, оны жерге тастай салды. Оның не себепті осындай әрекетке барғаны бірден белгілі болды. Зілтемірдің бір басына артық салмақ қосып жіберген екен. Тепе-теңдіктің сақталмауы салдарынан біздің спортшы мүлт кетті.
Сол кезде қазылар зілтемірдің бір басына артық салмақ қосылып кеткенін байқамағанын айтып, Майяны тағы да ортаға шығарды. Бұл жолы отандасымыз рекордтық салмақты ырқына көндірді. Бірақ, спорт кешеніне жиналған дүйім жұрт ду қол шапалақтап, қайсар қызға құрмет көрсетіп жатқанда, жүргізушінің «бұл әрекет есепке алынбайды» деген ащы дауысы естілді. Барлығы аң-таң. Жанкүйерлердің қуанышы су сепкендей басылды. Төрешілер өздерінің бұл шешімін: «Қазақстан спортшысының зілтемірді көтеру барысында қолы қайысып кетті. Сөйтіп, ереже бұзылды», – деп түсіндірді. Осылайша қазылардың қитұрқы ойынының салдарынан Манеза қолда тұрған алтыннан айырылды. Өткен жолы Зүлфия Чиншалоның алтын жүлдені жеңіп, құрмет тұғырына көтерілгенде, ұйымдастырушылар еліміздің ескі әнұранын қойып, бәрімізді таңғалдырған еді. Енді міне, қазылар жағы Қазақстан құрамасына тағы қитұрқы әрекет жасап, Манезаның қара термен жеңіп алған алтын жүлдесін тартып алып отыр. Сөйтіп, бұған дейін әлемнің екі дүркін чемпионы атанған Майя Манеза бұл жолы күміс медальды қанағат тұтты. Оның көрсеткіші – 248 (109+139) кило. Ал бас жүлдені Светлана Царукаева иеленді. Ресей қызының нәтижесі – 255 (117+138) кило. 246 (113+133) килолық көрсеткішпен қытайлық Хиофанг Кианг қола медальды еншіледі.
Сәрсенбі күні 69 кило салмақ дәрежесіндегі Ирина Некрасова мен Жазира Жапарқұл жарыс жолына шықты. Алдағы кезде де чемпионаттың қызығы еш кемімейді. Өйткені, бақ сынауға бел буған атақты ауыр атлеттердің қатары қалың. Олардың арасында Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында атой салған саңлақтар да жоқ емес. Ал қазақстандық жанкүйерлер өз кезегінде Анна Нұрмағамбетова (63 кг), Светлана Подобедова (75 кг), Александра Аборнева (+75 кг), Кирилл Павлов (77 кг), Владимир Кузнецов (85 кг), Илья Ильин (94 кг), Алмас Өтешев (94 кг), Сергей Истомин (105 кг), Владимир Седов (105 кг), Дмитрий Каплин (+105 кг) және Александр Зайчиковтің (+105 кг) өнерлерін тамашалайтын болады.
Дастан КЕНЖАЛИН.

Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Қоғам • Бүгін, 13:44
Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды
Оқиға • Бүгін, 13:27
Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:12
Алматыда ер адам 11 қабатты үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 12:56
Димаш Құдайберген «Алтын белгі» иегеріне ерекше сыйлық жасады
Білім • Бүгін, 12:43
Қазақстандағы орташа жалақы деңгейі қандай?
Қаржы • Бүгін, 12:32
Мемлекет басшысы Черногория президентін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:28
Шығыс Қазақстанда танысын 3 жыл бойы бопсалаған күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:17
Әлем кубогі: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды
Бокс • Бүгін, 12:11
Ұландықтар Геннадий Головкинді ерекше форматта құттықтады
Қоғам • Бүгін, 11:58
Университеттерге құжат қабылдау қашан басталады?
Университет • Бүгін, 11:55
1-сыныпқа қабылдау: Ата-аналар тұрақты тіркеу талап етілетініне шағымданды
Қоғам • Бүгін, 11:44
Алматыда 400-ден аса заңсыз сауда нысаны сүрілді
Сауда • Бүгін, 11:40
Миллениал ата-ана, зумер бала: Қалай тіл табысамыз?
Қоғам • Бүгін, 11:30