Дархан Қыдырәлі: «Тәуелсіздік дәуірі» – тәуелсіздік тарихының атласы

Астанада өткен Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесер рәсімінде «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі бұл еңбекті тәуелсіздік тарихының атласына теңеп, жаңа шежіреміздің бояу-болмысы түгел қамтылған тұтас картинасы екенін айтты, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Егемен Қазақстан
15.12.2017 2700

«Кешегі Ататүрік, Бабыр, одан ары Білге қаған түгел түркінің түпкі тарихын тасқа қашап жазған. Беріде үзіліп қалған осы ұлағатты дәстүрді Елбасымыз қайта жаңғыртып отыр. Бүгін біздің қолымызға Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабы тиді. Бұл кітап азаттықтың ақ таңындағы жас мемлекеттің алғашқы демін, әрбір қадамын, еңсесін тіктеп, құлашын қалай жазғанын нақты дәйектермен жинақтағандықтан, оны тәуелсіздік тарихының атласы, жаңа шежіреміздің бояу-болмысы түгел қамтылған тұтас картинасы деуге болады», деді Дархан Қыдырәлі.

Тарих уақыттың ұзақтығымен емес, маңызды оқиғалармен де өлшенетінін айтқан газет басшысы кітаптың мазмұнына тоқталды.

«Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуы хронологиялық және жүйелі түрде қамтылған бұл іргелі еңбекте тәуелсіздік жылдарын жаңғырудың үш толқынына балаған Нұрсұлтан Әбішұлы ел тарихын кезең-кезеңге бөліп, әрбір саланы жеке-дара қарастырады. Жүз жылға бергісіз ширек ғасыр Тәуелсіздік дәуірінің бастауы болды. Бұл кезең кітапта «Ұлы дәуір» деп аталады. Осы дәуірде жаңа тұрпатты мемлекеттің, жаңа қоғамның барлық саласы өз тарихының алғашқы парағын ашып, жетістіктерге толы жылнамасы жазыла бастады», деді Д.Қыдырәлі.

Елімізде ең көп талқыланатын тақырыптың бірі қазақ тілі екенін, мемлекеттік тілдің мәселесі тәуелсіздіктің елең-алаңынан бері Елбасының назарынан тыс қалмағанын айтып сөзін сабақтаған Дархан Қыдырәлі жаңа кітапта да тіл саясатының тетіктері «Қазақ тілі – қазақ ұлтының мәдени тұтастығының басты қайнар көзі. Ғасырлар бойы солай болған, болашақта да солай бола береді» деп жазылғанын атап өтті.

«Кітапта мыңдаған оқиғалар айтылып, көптеген тұлғалардың аттары аталады. Бұл бізге тәуелсіздік дәуірінде әрбір детальдің маңызды екенін білдірумен қатар, автордың замандастарына деген құрметін де сездіреді. Қоғам өмірінің дамуында маңызы зор бұқаралық ақпарат құралдары жайында да көптеген жайттарға қанығамыз. Мәселен, «2017 жылы мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары жаңғыртылды, жетекші газеттер өз келбеттерін өзгертіп, жаңа даму жолына түсті», деп баға береді ол.

Газет басшысы кітапта түркі интеграциясына қатысты да көптеген мәселелердің көтерілгенін, соның ішінде Түркі академиясының қалай құрылғаны жазылғаны туралы айтты. 

«Ең бастысы, автор атап көрсеткендей, бұл кітап тәуелсіз Қазақстанның даңқты тарихын білуге және түсінуге, елімізді мақтан етер жасампаздар қатарының көбеюіне септеседі деп сенеміз. Сондықтан, дәйекті деректермен өрілген «Тәуелсіздік дәуірі» – Қазақ Елінің тарихына үңілетін зерттеушілер мен өткенімізді зерделейтін әрбір оқырманның ұдайы жүгінетін кітабы болады деп ойлаймыз. Себебі бұл – жасампаз жылдардың жиынтық жылнамасы! Бұл – Мәңгілік елдің темірқазығына айналған тұтас дәуірдің шежіресі! Бұл – Азаттық архитекторы алған абыройлы асудың айнымас айғағы! Тәуелсіздік мерекесі баршаға құтты болсын!», деп аяқтады өз сөзін Дархан Қыдырәлі. 

Майгүл СҰЛТАН

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.06.2018

Қызылорда облысында «Жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

22.06.2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Польшадағы Елшісінің брифингі өтті

22.06.2018

Кіші Аралда желкенді кемелер жүзе бастады

22.06.2018

Шымкентте «Миграциялық ХҚО» ашылды

22.06.2018

Астраханьда Астананың 20-жылдығына арналған фотокөрме өтті

22.06.2018

Қызылорда облысында жыл басынан бері 66 млрд теңге инвестиция тартылды

22.06.2018

Мамин Павлодар және ШҚО-ның инфрақұрылымдық жобаларын тексерді

22.06.2018

Жезқазғанның жаңа әкімі тағайындалды

22.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

22.06.2018

1 шілдеден бастап Қазақстанда амбулаториялық карта жойылады

22.06.2018

Еліміздің батысында 43 градусқа дейін ыстық болады

22.06.2018

Нұрсұлтан Назарбаев: Толеранттылық - бұл төзімділік емес

22.06.2018

Түркістан облысының орталығына жаңа әкім тағайындалды

22.06.2018

Балаларды қорғаудың құқықтық тетігі қабылданды

22.06.2018

Саланы жаңғыртуға жол ашқан Жолдау

22.06.2018

Еңбек дауын ерте шешу керек

22.06.2018

Туристік қызмет көрсету шарты – сенімді демалыстың кепілі

22.06.2018

«Ақылды кеніш» жобасы «Алтын Гефест» байқауында үздік атанды

22.06.2018

Алматы му­­зейінде суретші Жұмат Әнесұлының жеке сурет көрмесі ашылды

22.06.2018

Тараздағы Бауыржан Момышұлы атындағы саябақ қайта жаңғыртылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу