Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2017

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 25 үздік қызметкері партияға мүшелікке қабылданды

297 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 25 үздік қызметкері партияға мүшелікке қабылданып, азаматтарға куәліктер табыс етілді.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 25 үздік қызметкері партияға мүшелікке қабылданды

Тәуелсіздік мерекесіне арналған бүгінгі салтанатты жиынымызға «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы Төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Табеев және «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының орынбасары Меруерт Мұқанова қатысты.

Мерекеге арналған салтанатты жиынымызды ашу үшін алғашқы сөзді университетіміздің ректоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының вице-президенті, академик Тілектес Есполовқа берілді.

«Тәуелсіз елдің сенімді тұғыры – ол халықтың бәсекелік қабілеті мен өршіл рухы, жасампаз жігері мен кемел санасы. Бұл құдіреттің мәні мен болмысын Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан жақсы білесіздер. Жаңа  әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі табыстарының кілті ел бірлігінде, ұлттардың татулығында жатыр.  Қазақстан үшін тәуелсіздіктің әр күні парасат пен пайымға толы. Біздің ұжым Тұңғыш Президентіміз бен «Нұр Отан» партиясының сенімді көмекшісі болған және болып қала береді. Университетіміздегі бастауыш партия ұйымында мыңға жуық адам «Нұр Отан» мүшесі. Бүгін жаңа толқынмен толығамыз. Демек, күшке-күш, ойға-ой, ізденісімізге ақыл мен қайрат қосылады», – деді  Тілектес Исабайұлы.

Тәуелсіздік күніне орай «Нұр Отан» партиясының жаңа мүшелеріне партия билетін салтанатты түрде табыс етілгеннен кейін Желтоқсанның куәгері, осы тақырыпты зерттеп, «Қазақтың желтоқсаны» атты кітап жазған белгілі публицист Қайым-Мұнар Табеев мерекемен құттықтау үшін және «Нұр Отан» партиясына жаңадан қабылданған мүшелеріне партиялық билетті салтанатты түрде тапсыру  үшін ортаға шақырылды.

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Рухани жаңғыру» институтының директоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Ханкелді Әбжанов 23 адамға партия билеті салтанатты түрде тапсырылды. Бұдан кейін партияның жаңа мүшелеріне салтанатты жағдайда билет тапсыру рәсімі өтті. Соңы мерекелік концертке ұласты.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ