Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2017

Петропавлда бүлдіршіндер балабақшамен қамтылды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

140 орынға шақталған "Ақ қайың" балабақшасы "Орман" шағын ауданында бой көтерді.

Петропавлда бүлдіршіндер балабақшамен қамтылды

Балалар мекемесі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында небары 10 айдың ішінде тұрғызылды.  3200 шаршы метр аумақта орналасқан ғимараттың құрылысына 530 миллион теңге жұмсалды. Жобаны жеке кәсіпкер Гарик Бернецян жүзеге асырды. Ол облыс орталығында осымен үшінші балабақшаны пайдалануға берді. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырмақ ниетте.

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов  әлеуметтік маңызы бар ғимаратты аралап көрді. Өңірде  балғындарды мектепке дейінгі мекемелермен қамту көрсеткіші жүз пайыз орындалғанын жеткізді. Мұнда 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алатын болады.  Балабақша жеке кәсіпкердің қаражатына салынғанымен,  7 топтың барлығы бюджет  арқылы қаржыландырылады. Демек шығынның бір бөлігін мемлекет өтейді деген сөз. Сонымен қатар 48 жаңа жұмыс орны ашылды.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.