Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2017

«Севказэнергосбыт»  электр қуаты бағасын өсіруге бекініп отыр

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Монополист компания басшылығы бағаның өсуіне бірнеше дәлелдерді алға тартып отыр.

«Севказэнергосбыт»  электр қуаты бағасын өсіруге бекініп отыр

Фото: lifehacker.ru

Ең басты себебі электр энергиясын тасымалдау құнының артуы көрінеді. Оның үстіне сараланған тарифтерді алып  тастау шығынға әбден батырса керек.

   «Жыл басында энергияны тасымалдау мен теңдестіру құны артты. Одан басқа  залалдарымыз да аз емес.Тығырықтан шығудың бір ғана жолы бар, ол  бағаны өсіру», дейді «Севказэнерго» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Мағауия Сағындықов.

    Компанияның өтінімі қабылданса, жарық құны 9 пайызға өспек. Сонда жеке тұлғалар пайдаланған 1 кВт электр қуаты үшін  14 теңге 56 тиын төлейтін болады. Заңды тұлғалар үшін  де қымбаттайды.

   Қоғамдық тыңдауға келген  жұртшылық мұндай қадаммен келіскісі жоқ. Облыстық  ардагерлер кеңесі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Амангелді Кенжеғожиновтың айтуынша  тұрмысы төмен отбасылар, жалғызбасты адамдар үшін өте тиімсіз. Өйткені, электр құрылғылар көптеп пайдаланылады.  Биыл жылу кештетіп беріліп, жарық артық тұтынылды.  Осы жағын ескермей болмайды.

  Электр қуатының бағасы  2 жыл бұрын көтерілген екен. Алайда  монополист компанияның өтінімі қабылданбай кері қайтарылыпты.

 Қандай шешім алынатынын уақыт көрсетеді.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы