Бағдарламалар • 18 Желтоқсан, 2017

Тоқаев латын графикасының нұсқасын қолдануға қатысты пікірін айтты

802 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев нақты шешімге келмейінше латын графикасының нұсқасын пайдаланудың әлі ерте екенін айтты.

Тоқаев латын графикасының нұсқасын қолдануға қатысты пікірін айтты

«Ұлттық комиссия қазақ тілі латын әліпбиі бойынша нақты шешімге келген жоқ, сондықтан «апостроф» әліпбиін газеттерде я басқа жерлерде пайдалануға әлі ерте», деп жазды Қ.Тоқаев twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетейік, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия биыл қараша айында құрылған Үкімет жанындағы сабағаттық-кеңесші орган. Оның төрт арнайы жұмыс тобы бар. Біріншісі – орфографиялық (қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруде орфография мен орфоэпия ережелерін дайындау үшін). Екіншісі – әдістемелік (латын әліпбиін үйрету және оқыту әдістемесін жасап, оны білім беру жүйесіне біртіндеп енгізу үшін). Үшіншісі – терминжасам (латын графикасының негізінде қазақ тілінің терминологиялық базасын жүйелеу үшін). Төртіншісі – сараптамалық-техникалық (латын графикасын ІТ-технология талаптарына сәйкес келтіру үшін).