Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2017

Павлодарда мұз айдыны ашылды

552 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда орталық демалыс және мәдениет саябағында мұз айдыны ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда мұз айдыны ашылды

Айта кетейік, өткен жылы орталық сырғанақты облыс әкімдігінің алдына салған. Сол кезде құйматастарды ауыстыру жоспарланған. Жөндеу жұмыстарынан кейін биліктегілер  сырғанақты бұрынғы орнына - қалалық саябаққа ашу туралы шешім қабылдады. 

Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айбек Қабиевтің айтуынша, бұл жер мұз айдыны үшін тұрақты орынға айналады. Сырғанақты қала әкімінің орынбасары Саян Мұқанов ашты. Ол мерекеге орай әкімдіктің атынан жас хоккейшілерге жаттығу формасын сыйлады.  

- Павлодарда 25 мұз айдыны құйылды. Биыл бұл мақсатта 8,9 миллион теңгеге трактор сатып алдық. Бұған қоса, 20,5 миллион теңгеге мұз құю машинасын сатып алуға конкурс өтті. Ересектер 400 теңгеге, балалар 200 теңгеге сырғанай алады. Павлодарлықтар ауқаттанып жылынуы үшін жанында кофехана орналасқан. Корттың аумағы - 30, 40 метр. Бұл әдеттегі хоккей алаңынан кішірек. Дегенмен билік өкілдері келесі жылы сырғанақ үлкен болады деп сендіруде, - деді Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.