Елдің басты саяси додасына қатысуға әзірге 23 үміткер ниет білдіріп отыр. Оның ішінде қазіргі президент Владимир Путин де бар. Ол өзін-өзі ұсынушы үміткер ретінде тіркелді.
Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилованың айтуынша, өзін-өзі ұсынушы кандидаттардың арасында «Яблоко» партиясының жетекшісі Григорий Явлинский мен Либерал-демократиялық партиясының өкілі Владимир Жириновский, журналист Екатерина Гордон, тележүргізуші Ксения Собчак бар.
Президент сайлауы Ресейде 2018 жылдың 18 наурызында өтеді.