![Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді](/article_photo/1513739788_article_b.jpeg)
Қазгидрометтің хабарлауынша, оңтүстік және оңтүстік шығыста көктайғақ болып, жел күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл облысында көктайғақ болады.