Бокс • 25 Желтоқсан, 2017

Елеусінов қолғабын музейге тапсырды

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Астанадағы Ұлттық музейде «Ұлттық музейге сый тарту» акциясының 2017 жылғы қорытынды жиыны өтті.

Елеусінов қолғабын музейге тапсырды

Аталмыш шара Ұлттық музейдің төл жобасы ретінде 2015 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бүгінге дейін «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы Алматы, Қызылорда, Шым­кент, Ақтөбе, Орал, Петро­павл қалаларында өткі­зіл­ген.

Ұлттық музей дирек­то­рының орынбасары Абай Сатыбалдиннің айтуынша, бүгінге дейін музей қорына 3000-нан аса құнды жәдігер қабылданыпты. Олардың қатарында 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпия ойындарының чемпионы, боксшы Данияр Елеусіновтің де бокс қолғабы бар. «Қол­ғабым­ды жәдігерлер қата­ры­на қосқаны мен үшін үл­кен мәртебе. Бұл шараның жастар үшін маңызы зор. Жәдігерлерді көру арқылы ата-бабаларымызды тани тү­седі. Болашақта заттары осы музейден жәдігер ре­тінде орын алатындай тұл­ға­лар көбейе берсін», дейді Олим­пиада чемпионы.

Үшінші рет ұйым­дас­ты­рылған «Ұлттық музейге сый тарту» акциясының қо­рытынды жиынында көр­ме­ге тек биылғы жылы Орал, Петропавл қалаларында өткен шарада Ұлттық музей қо­рына қабылданған жәді­гер­лермен қатар, ХХVIII қысқы Универсиада және ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месінен музей қорына қа­былданған экспонаттар да қойылды.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»