Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2017

«Ниет» байқауына өтініш қабылдау аяқталды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылғы 24 желтоқсанда әлеу­мет­тік роликтерге арналған үз­дік идеялардың «Ниет» байқауына өтініш қабылдау аяқталды. 

«Ниет» байқауына өтініш қабылдау аяқталды

Бір ай ішінде қазақстандықтардан өзекті тақырыптарды қамтыған 600-ден астам сценарий келіп түсті.

Қазіргі уақытта барлық жұмыс қазылар алқасының қарауына берілді. Байқау қорытындысы 2018 жылдың қаңтар айында жарияланады.

Конкурсты Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Astana Bank және Standart Life-пен бірлесе отырып ұйымдастырды. Бас жүлде – 1 миллион теңге және танымал режиссер Ақан Сатаевтың продюсерлігімен ролик түсіру мүмкіндігі, деп хабарлады Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.