Салтанатты шараға Қазақстанның Чехиядағы елшісі Сержан Оралбайұлы, консул Азамат Қадыр, бірінші хатшы Мадина Мұратбекова жəне Чехия Ұлттық кітапханасының басшылық құрамы мен Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкерлері қатысты.
Елші Сержан Оралбайұлы Қазақстан əдебиеті мен мәдениеті, тарихы жəне Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы тұрғысында сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасы мегажобасының артықшылығы мен жетістігін чех халқына мақтанышпен жеткізді. Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени, кітапxаналық байланыс орнатуға арналған меморандумға қол қойылды.
Бұл орталық – Прага қаласындағы 2000-нан астам қазақ жастарына, сондай-ақ чех халқына қызмет көрсетеді. Қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, өнерімен жақын танысуға мүмкіндік береді. Ол тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен оның экономика, саясат, әлеуметтік салалардағы табыстарын көпшілікке таныстыруға жол ашады.
Орталыққа Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектері, Елбасының әлемдік саяси аренадағы орны мен рөліне арналған кітаптар және тарих, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттер бойынша туындылар ұсынылды. Бұл кітаптар чех халқының оқырмандары арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, қазақтың бай мәдени мұрасын танытуға мүмкіндік берері сөзсіз.
Айта кетелік, жобаның мақсаты – әлемнің ірі кітапxаналарында қазақстандық әдебиет пен мәдениеттің орталығын ашып, сол арқылы кітапxана саласындағы xалықаралық байланысты нығайту.