Қазақстан • 03 Қаңтар, 2018

Жаңа жылды жылу сыйлаумен баста

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЖасОтандықтар Жаңа 2018 жылдың бірінші жұмыс күнін қаланың коммуналды қызметкерлеріне сөздің тура мағынасында жылу сыйлаумен – тегін шәй таратумен бастады. 

Жаңа жылды жылу сыйлаумен баста

Жастар жұмыс күні ауа райы жағдайына қарамастан таңның атысынан басталатын, еңбегі күнделікті өмірде байқалмайтын аула тазалаушыларына ерекше құрмет білдірді. Осы орайда жастар «Кел, шәй ішейік» мини-фесті арқылы қала тұрғындарын өзгелердің еңбегін бағалауға шақырады.

 «Қоғамда сабағын нашар оқыған бала өскенде аула тазалушы болады деген стереотип қалыптасқан. Біздің мақсат – сол ұстанымды жоққа шығарып, осы мамандықтың маңыздылығын көрсету. Бұл мамандық иелерінің арасында бірімізге ана, бірімізге қарындас болатын әйел адамдары да бар.  Жолымызда кездескен қызметкерлерге ізет танытып, амандасып, қолымыздан келгенше көмек көрсетуге шақырамын», дейді «Жас Отан» төрағасы Данияр Сүндетбаев.

Мини фест таңертеңгі 11-де басталып, күні бойы жалғасын тапты. ЖасОтандықтар шағын автобуспен қаланы аралап, бауырсақ пен шәй таратты. Сондай-ақ, жастар Елорданың коммуналды қызметкерлерімен әңгімелесіп, көмек қолын созды. Қар тазалап тоңған қызметкерлер, ыстық шай ішіп жылынып қалғандарын айтып, алғыстарын білдірді.