Парламент • 04 Қаңтар, 2018

Депутаттар Ертіс өңірін аралады

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов жұмыс бабындағы сапармен Павлодар облысында болды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Депутаттар Ертіс өңірін аралады

Сенаторларға Ақсу ферросплав зауытында металлургтер  жұмысының нәтижелері көрсетілді. «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы болып табылатын кәсіпорын ферросплав өндірісі бойынша дүниежүзінде алғашқы орынға ие болып отыр. Зауытта 28 электр пешімен жабдықталған 4 балқыту цехы,  шихта дайындау цехы мен көмекші бөлімшелер бар. Ақсуда жыл сайын 1,2 миллион тонна ферросплав өндіріледі.

Депутаттар Евгеньев ауылдық округінде өткен жылы пайдалануға берілген бірқатар әлеуметтік нысандарда болды. Сенаторлар сумен жабдықтау желісімен танысып, құрылысына 160 миллион теңге жұмсалған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралады. Сапар барысында «Ақсу жылыжай кешенінде» болған кезде М. Көбенов пен Н. Нұрсипатов экологиялық таза көкөніс өнімдерін өсіру мәселелеріне назар аударды.

Ақсу мен Евгеньев ауылында болған сапарды қорытындылай келіп, сенаторлар аймақтың әлеуметтік дамуындағы табыстар мен ауыл шаруашылығы саласын көтерудегі жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының зор үлестерін атап өтті. Депутаттар жүздесу барысында отандық өнім өндірушілерді қолдауға қатысты айтылған ұсыныстар заң шығару жұмыстары барысында ескерілетінін айтты.