05 Қаңтар, 2018

Парламент Мәжілісінің депутаттары Солтүстік Қазақстанды аралап жүр

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің  депутаттары Қызылжар өңірінде болып,  ұжым мүшелерімен кездесулер өткізді.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Солтүстік Қазақстанды аралап жүр

«Есіл су» мемлекеттік кәсіпорнында өткен жүздесуге мәжілісмендер  Ольга Перепечина мен  Петр Шарапаев қатысып, өңірді ауызсумен қамтамасыз ету, елді мекендерге сапалы тіршілік нәрін жеткізу жайымен танысты.  Ұжымда бір мыңға жуық адам еңбек етеді.   Жиында атқарылған кешенді шараларға қарамастан  тозған, ескірген магистральды құбырларға ауыстыруға қаражаттың жетімсіздігі  айтылып, ықпал ету сұралды.

Петропавл  машина жасау колледжінде халық қалаулылары  оқушылардың жаңа  бағдарламамен оқып жатқандарын, шәкіртақы алып, тегін тамақтанатынын білді.

Қызылжар ауданы Кондратов орман шаруашылығында өткен кездесуге  Павел Казанцев пен Петр Шарапаев қатысып,  Парламент жұмысы жайлы  жан-жақты ақпар берді. Қабылданған заңдардың өзектілігін сөз етті. Жергілікті жағдайдың тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындардың өтініш-тілектеріне назар аударды.

Бұдан кейін Парламент Мәжілісінің депутаттары М. Жұмабаев ауданында болып,  қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Өтініш-тілектермен қайрылған азаматтардың мәселелерін шешуді өз бақылауларына алатын болды. «Семейный» супермаркетінде, «Азия Вудс» ЖШС-де өткен кездесулерде  елімізде  болып жатқан саяси-экономикалық мәселелер талқыланып,  Елбасы, Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берілді.

Халық қалаулыларының  елді мекендердерді аралау сапары жалғасуда.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.