Аймақтар • 09 Қаңтар, 2018

СҚО-да ірі коммуналдық апаттан бірнеше нысан сусыз қалды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр дәл осы жерде су құбыры жарылып, тұрғындарды үлкен әлекке салған болатын.

СҚО-да ірі коммуналдық апаттан бірнеше нысан сусыз қалды

Биыл осы көрініс тағы қайталанып, ірі коммуналдық апат салдарынан жақын маңайдағы жер үйлердің иелері үлкен зардап шекті. Жарылған құбырдан атқылап аққан су айналаны лезде көктайғақ мұзға айналдырды.

«Қызылжар су» кәсіпорнының тех­ни­калық директоры Арман Саутовтың айтуынша, апатты ауыздықтауға 4 бригада, 12 техника, 30 адам жұмылдырылған. Көмекке «Коммунхоз» ЖШС да тар­тылған.

Осы маңға тартылған екі шақырым жаңа құбырға жарты миллиард теңге қаржы жұмсалып, қолданысқа берілгеніне бір ай ғана болыпты. Енді, міне, сапасыз атқарылған жұмыс саршұнақ аязда сыр беріп, жұртшылықты үлкен әбігерге салып қойған жайы бар.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы