Аймақтар • 09 Қаңтар, 2018

Ақтөбеде арнайы жоба өндірістік қалдықтарды өңдеп, одан хром алуды көздейді

1011 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздегі жоғары оқу орындарының басты міндеті студенттердің белгілі бір мамандық алып шығуын қамтамасыз ету екені белгілі. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бұған қоса нақты өндірістік жобаларды жүзеге асыруды қолға алды.

Ақтөбеде арнайы жоба өндірістік қалдықтарды өңдеп, одан хром алуды көздейді

Аталған жоғары оқу ор­ны­ның ғалымдары физика ка­бинетіне арналған зертха­налық құрал-жаб­дықтарды әзірлеуге бел буыпты. Бұл тікелей өндіріспен айналыспай­тын білім ордасы түгіл, арнайы мамандандырылған мекеме-кәсіпорындар да «қал­пақпен соғып» ала алмайтын күрделі әрі күрмеуі қиын мәселе. Осы­ны ескерген өңірлік университет жаңашылдары аталған жобаны Беларусь елінің Янка Купала атындағы Гродно мем­лекеттік университетімен және «Актюбрентген» АҚ-пен бір­лесе отырып, іске асыруды ұйға­рыпты. Шынтуайтына кел­генде, бүгінгі республика мектептерінде физика пәніне арналған зертханалық құрал-жабдықтардың бірқатары ескі­ріп, пайдаланылу мүмкіндігі төмендеп барады. Жұбанов атын­­дағы жоғары оқу орнында жоба толықтай жасақталған жағ­дайда бұл олқылықтың орнын толтыруға жол ашылары анық. Сонымен бірге жергілікті университеттегі өндіріс орны оқу­шылардың түрлі сынақтар мен тәжірибелерді оңтайлы әрі тиімді түрде жүргізулеріне сеп­тігін тигізбек.

Аталған жоғары оқу орны­ның ректораты бастамашы бола білген екінші бір өндірістік жо­баның да баламасы жоқ деуге болады. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік уни­верситетінің проректо­ры Ра­хым Бекназаровтың мәлім­деуін­ше, бұл жоба өнді­рістік қал­дықтарды өңдеп, о­дан хром алуды көздейді. Осы ерекше тех­нологиялық үрдісті жолға қою үшін темір балқыту пеші сатып алынған. Оның құны 85 миллион теңгені құрайды, баға­сы жоғары инновациялық құрал-жабдық «Трактор» ЖШС аумағына орна­ластырылған. Сөйтіп алдағы кезде Жұбанов университетіндегі техника фа­культетінің «Метал­лургия» ка­федрасы бұл жобаның басы-қасында болмақ. Оны жүзеге асыру мақсатында жоғары оқу орны мен «Қазхром» АҚ ара­сында келісімшарт жасал­ған. Соған сәйкес, осы кәсіп­орын­ның өндірісінен шыққан қал­дық­тар­ды университет ғалым­дары мен студенттері өңдеп, бұдан хром алу­­­ды жоспарлап отыр. Олардың мүм­­­­кіндіктері бір айдың ішінде 10 тон­­­на қал­дықты өңдеуге есептел­ген.

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ