Сырым аудандық білім беру бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен сайыста мұғалімдер ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, Қадырға өлең арнап, ақын сөзіне жазылған әндерді орындады.
Байқаудың «Сөздің бәрі құдіретті» атты бөлімінде ақын шығармаларын мәнерлеп оқудан Бұлдырты орта мектебінен келген Мира Несіпқалиева бас жүлдені еншіледі. «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін» аталымында Тасқұдық негізгі мектебінен келген Сатым Қажыгереевке бас бәйге бұйырды. Ал Қадыр ақынның сөзіне жазылған әндерді орындау талап етілген «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, кейбір жырым бақташы боп жүр маңда» атты бөлімде Тасқұдық негізгі мектебінен Нұргүл Талблимова жеңімпаз атанды.
– Жас ұрпаққа білім беріп жүрген ұстаздар қауымының Қадыр Мырза Әлі ақынның шығармашылығын жете білуі өте маңызды. Әйгілі ақын туған топырақ өкілі болғандықтан біздің мойнымызда ерекше жауапкершілік бар, – дейді Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов.
Байқаудан соң жеңімпаздар мен жүлдегерлер Жымпиты селосындағы Қадыр ескерткішіне гүл шоғын қойып, ақын аруағына құрмет көрсетті.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Батыс Қазақстан облысы