Аймақтар • 09 Қаңтар, 2018

Петропавлда жылу есептегіш құралдарын орнату жайы қанағаттандырмайды

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр мемлекеттік бағдарлама аясында облыс орталығындағы көпқабатты үйлерге жылу есептегіш құралдарын қою үшін 386 миллион теңге бөлінген болатын.

Петропавлда жылу есептегіш құралдарын орнату жайы қанағаттандырмайды

Алайда бөлінген қаражаттың толық игерілмеуі салдарынан жоспардағы 537  есептегіштің орнына 325-і ғана қойылды.

«Заң бойынша әр тұтынушы жылу энергиясы үшін төлемді жылу есептегіш аспаптың көрсеткіштеріне сүйеніп жүргізуі тиіс. Алайда, оның тиімділігін тұрғындардың бәрі түсініп отырған жоқ. Осы себепті мемлекеттік бағдарлама осы жылдың қараша айына дейін ұзартылып отыр», дейді «Севказэнергосбыт» ЖШС бас  директорының міндетін атқарушы Мағауия Сағындықов.

Ресейде жасалатын құрылғылардың бағасы 700 мың-900 мың теңге аралығында.

Петропавл қалалық әкімдігі жанындағы ПИК кеңесінің төрағасы Александр Васильевтың айтуынша жылу мөлшерін ауа райына байланысты реттеп отыруға да болады. Жаңа жылдан бастап жылу энергиясы үшін сараланған тариф қымбаттады. Былтыр әр шаршы метр үшін 122 теңге болса, қазір 128 теңгені құрайды. Былтыр есептегіш құрал орнатқан үйлер пәтердің әр шаршы метріне орташа есеппен 49 теңгеден ғана есеп айырысқан. Үнемділікті байқамау мүмкін емес.  Соған қарамастан Петропавл қаласында  барлығы 457 көпқабатты тұрғын үй ғана есептегіш құралдармен қамтамасыз етілген.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»