Парламент • 09 Қаңтар, 2018

Сенат депутаты: Салық бизнесті дамытуға ынталандыруы тиіс

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Еділ Мамытбеков Астана қалалық мәслихатының депутаттарымен салық және әкімшілендірулерін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Сенат депутаты: Салық бизнесті дамытуға ынталандыруы тиіс

Қазіргі кезде Қазақстанда салық пен түрлі төлемдердің 30-дан астам түрі бар. Е. Мамытбековтің айтуынша, отандық салық кодексі аса ауқымды әрі басқа мемлекеттердің салық заңнамасымен салыстырғанда түсініксіздеу. Осыған байланысты сенатор аймақтар мен қалалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, салық салу деңгейін төмендету жайында айтты және салық әкімшілендірулерін оңайлату қажеттігін атап өтті.

Е. Мамытбеков мәселе салықтардың санын азайтуда емес, корпоративтік табыс салығы мен қосымша құн салығын араластырып қолдану арқылы шешіледі, деп санайды. Оның пікірінше, салық салу бизнесті ынталандыруы тиіс.

Кеден қызметінің жұмысын жаңғыртудың келешегі де талқыланды. Е. Мамытбеков жаңа кеден кодексінің күшіне енуіне орай еркін экономикалық аймақтардың бейімделуі үшін кеден органдары тиісті нұсқаулар әзірлеу қажеттігіне назар аударды. Депутат тауарларды рәсімдеу мерзімін тәуліктен төрт сағатқа дейін қысқартуға кеден органдары әзір болуға тиіс екенін атап өтті.

Жүздесу барысында елорданың әлеуметтік-экономикалық өмірі туралы басқа да мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, мәслихат депутаты Зәуре Жүсіпова балаларды мектепке дейінгі мекемелерде оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізуді енгізу туралы ұсыныс айтты. Кездесу қорытындысы бойынша бұл бастаманы республика деңгейіндегі қоғамдық талқылауға шығару ұсынылды.