Парламент • 09 Қаңтар, 2018

Сенаторлар Батыс Қазақстанда ауыл еңбеккерлерімен кездесті

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысындағы аудандарда болды.

Сенаторлар Батыс Қазақстанда ауыл еңбеккерлерімен кездесті

Сенаторлар Бөрлі ауданында жергілікті тұрғындармен кездесу барысында Парламенттің өткен жылғы жұмысы, сондай-ақ қазіргі кезде қаралып жатқан заң жобалары туралы әңгімелеп берді. Шараға қатысушылар депутаттар мен атқарушы органдар өкілдерінің алдына аудандағы газ өңдеу зауытының құрылысы мен Подстепное-Елек автомобиль жолын жөндеу жұмыстарын қаржыландыру мәселелерін қойды. Ауыл тұрғындары балаларға зорлық-зомбылық жасаудың алдын алуға қатысты шараларына арналған заңдарды қатайтуды қолдады.

Сенаторлар Шыңғырлау ауданында бірқатар құрылыстар мен әлеуметтік нысандарда болды. Шыңғырлаудың батыс жағындағы, еліміз тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілген жаңа шағын ауданда парламентшілер жергілікті тұрғындармен кездесті. Жаңа қонысқа келгендер «Нұрлы жер» бағдарламасының жемісті орындалуының арқасында олар тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болғандарын атап өтті. Депутаттар «Болашақ» балалар бақшасы мен «Патриот» дүкенінде де болды. Сапар барысында сенаторлар Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының басымдықтарын іске асыру аясында ашылған аудандық тарихи-өлкетану мұражайында болып, құнды жәдігерлерлермен танысты.

Сенат депутаттары Е. Мұқаев пен Н. Төреғалиев «Нұр Отан» партиясының ғимаратында ауыл ақсақалдары, мәслихат депутаттары, мекеме басшылары және жастар қатысқан кездесуде ауданды одан әрі дамытудың келешегін талқылады.