Футбол • 09 Қаңтар, 2018

«Қызылжар-СК» футбол клубына жаңа жаттықтырушы тағайындалды

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұдан былай «Қызылжар-СК» футбол клубын Никола Спасов жаттықтыратын болады.

«Қызылжар-СК» футбол клубына жаңа жаттықтырушы тағайындалды

59 жастағы болгар маманы көп жыл бойы Болгария, Португалия клубтарында доп қуалаған. Болгария чемпионатының жеңімпазы атанған. Испания, Португалия, Македония құрамаларына жетекшілік еткен. «Царско Село» командасын жаттықтырған жылдары Болгария кубогы мен суберкубогын қанжығаға өңгерген.

Осы күндері қызылжарлық аяқдоп шеберлерімен алғашқы жаттығуын өткізіп үлгерді.

Сөз арасында «Қызылжар-СК» командасы арадағы 9 жылғы үзілістен кейін былтыр Премьер-лигаға жолдама ұтып алғанын айта кеткен жөн.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»