Аймақтар • 09 Қаңтар, 2018

Павлодарда былтыр 36 балабақша жұмыс істемеген

537 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен білім беру басқармасының алқа мәжілісінде айтылды.

Павлодарда былтыр 36 балабақша жұмыс істемеген

Жыл бойы өңірдегі балабақшаларда 7 мың 200 орын бос тұрғаны анықталған. Облыстың тексеру комиссиясы мен облыстық мәслихат депутаттары облыс орталығындағы 22-і балабақшаны тексеріп шығыпты. Әрбір балаға мемлекет тарапынан жылына 240 мың теңге бөлінеді. Сонда, қаржы дұрыс мақсатта қолданылған ба? Балалардың балабақшаға келу көрсеткіші 64 пайыз. Бұл балабақшалардағы әрбір үшінші орын жыл бойы бос тұрғанын көрсетеді. Балабақшаға кезекке тұрған ата-аналар өңірде аз емес. Облыстық  білім басқармасы  балабақшаларға жолдама беруде ашықтықты қамтамасыз ету және балалардың күнделікті балабақшаға баруын бақылау мақсатында Smart Pavlodar пилоттық жобасын қолға алу қажет деп отыр.

«Егер де балабақшаға күнделікті келмейтін бала ауырмаған болса, басқа да себебі жоқ болса, онда тізімнен шығарып тастап, кезекте тұрған басқа балаларды шақыру керек», - деді облыс әкімі Болат Бақауов.

Өзінің орынбасары Мейрам Бегентаевқа жаңа тізім құрастыруды тапсырды.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Павлодар