Қазақстан • 09 Қаңтар, 2018

«Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі аясында дәрістер өтті

722 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде ҚР Тұңғыш Президентінің Кітапхана қоры негізінде  ұйымдастырылған «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі аясында дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізді.

«Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі аясында дәрістер өтті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарихындағы шешуші кезеңде еркіндік пен тәуелсіздікті аңсаған халықтың асыл арманын орындады. Қысқа мерзім ішінде Қазақстан жүз жылға татитын ғажайып кезеңді артқа тастады.

«Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі төрт тақырыптық бөлімнен құралған: «Көшбасшы жолы», «Көшбасшы феномені», «Елбасы мәртебесі-ел мәртебесі» және «Әлем таныған көшбасшы» тақырыптық арнайы бөлімдерден тұрады. Ел назарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы қорының архивтік құжаттары, кітаптар мен жәдігерлерінің топтамасы  ұсынылып отыр. Көрменің  әрбір экспозициясына қойылған Тәуелсіз Қазақстанның тарихи деректік хроникасы Елбасының қызметі арқылы интерактивті аумақтағы  ауқымды ақпараттық ресурстар арқылы көрсетіледі.

Ел ықыласын оятқан бұл көрменің мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының әлемге танылған, экономикасы қарқынды дамыған, ірі экономикалық, өндірістік, ғылыми, мәдени, заманауи мемлекет қалыптастырудағы рөлін жүйелі түрде көрсету болып табылады. Кітапхана жинағының материалдары Н.Назарбаевтың мектеп жасындағы, жастық шақ, комсомол, партия және мемлекеттік қызметтегі кезеңдерін сипаттайды. Ауқымды оқиғаларға толы болған бұл жылдар жеке адамның және қоғамның тарихи таңдауына себепкер бола білді.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қорындағы кітаптардың арасынан, әр жылдарда Н.Ә. Назарбаевқа сыйға берілген қазақстандық авторлардың қолтаңбасы қойылған кітаптар ерекше орын алады. Мемлекет Басшысының тұлғасына байланысты, әрбір қолтаңбасы бар кітаптың қойнауында, сыйлаушының тағдыры мен кітаптың қайталанбас тарихы жатыр.

«Әлем таныған көшбасшы» бөлімінде  шетелдік  мемлекет және үкімет басшыларынан тапсырылған дипломатиялық сыйлықтар ұсынылған. Бұл сыйлықтар бүкіл әлем үшін өзінің өзінің жемісін берген Н.Ә. Назарбаевтың сыртқы саясатының сыртқы саясатының саяси бастамаларының нәтижелерінің нәтижесі болып қаланып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы  тарихының өзекті мәселелері мемлекет Басшысының көптеген ғылыми және ғылыми-танымдық еңбектерінде қарастырылады. Н.Ә. Назарбаев дүниежүзінің 34 тіліне аударылған жиырмадан артық кітаптардың және ғылыми мақалалардың авторы болып келеді.

1990 жылдардың бірінші жартысы Қазақстан тарихына жас мемлекеттің тәуелсіздігінің іргесі қаланып, әлемдік қауымдастық тарапынан танылып, саяси картада өзіндік орнын табуымен ерекше есте қалды. Көрмеде айрықша орын алып отырған араб тіліндегі мұсылмандықтың қасиетті басылымдарының үлгілері ұсынылған. Бұл коллекцияда  Н.Ә. Назарбаевқа шетелдік және отандық ғылым және мәдениет қайраткерлерінен табыс етілген сыйлықтардың негізінде құралған. Әр кітаптың өңделуі нәзік зергерлік, көркемдік  және  каллиграфиялық шеберлікпен ерекшеленеді.

Қазақстан  Республикасының Тұңғыш  Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа шетелдің 30-дан аса мемлекетінен берілген ең жоғарғы марапаттары Кітапхананың музей қорының ең басты құндылықтары әрі мақтанысы болып есептеледі. Бұл марапаттар мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатудағы  Н.Ә.Назарбаевтың қосқан зор үлесі үшін, ядролық қауіпті жою және Қазақстандағы  ұлтаралық, дінаралық татулық пен келісімді  қамтамасыз етудегі толайым бастамалары үшін берілгенін білеміз.

Бұл күнгі іс-шараға еліміздің танымал тарихшы ғалымдары  Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, профессор Зиябек Қабылдинов пен профессор Мұрат Әбдіров көрмеге келген жастарға қызғылықты әңгіме өткізді.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»