Аймақтар • 09 Қаңтар, 2018

Сенаторлар Павлодар облысында болды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовпен кездесуі барысында аймақтың тыныс-тіршілігі туралы айтылды және тұрғын үй құрылысы мен денсаулық сақтау нысандары, сондай-ақ су құбыры желісін жаңғырту мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

Сенаторлар Павлодар облысында болды

М. Көбенов Ертіс өңірін экономикалық даму қарқынын жоғары бағалады және әлеуметтік маңызы зор жобаларды іске асыруға қажетті жәрдемдесуге әзірлік туралы айтты.

Сенаторлар Павлодар ауданындағы Луганск ауылында аймақтағы ірі өндірістік кооперативтердің бірі «Луганск» тауарлық сүт фермасының құрылысында болды. Кәсіпорын жетекшісі Петр Кузьменко депутаттарды нысан құрылысы туралы хабардар етті. 316 мүйізді ірі қара малына арналған кәсіпорын жобасының жалпы құны  250 миллион теңгені құрайды.

М. Көбенов пен Н. Нұрсипатов жұмыс істеп жатқан сүт кешенінде болып, еңбек ұжымымен кездесті.