Сенатор шараға қатысушыларды Парламенттің 2017 жылдың екінші жарты жылдығында қабылдаған заңнамалық актілердің мазмұны туралы хабардар етті. Жүздесу барысында аймақ тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелер талқыланды. Депутат ауыл тұрғындарының көптеген сауалдарына жауап берді және олардың түрлі ұсыныстары мен өтініштеріне жауап берді.
С. Ершов сол күні Қарағанды машина жасау зауытынның жұмысымен де танысты. Қазіргі кезде инвесторлардың қатысуымен кәсіпорынды жаңғырту жөніндегі ауқымды жобалар жүзеге асуда. Ол үшін сала мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламасы да жоспарланып отыр.