Президент • 09 Қаңтар, 2018

Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады.

Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдеме жасады

«Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ертең Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы жарияланады. Ол Төртінші Индустриалды Революция жағдайында елдің дамуына арналған. «Мен іске асыруымыз керек 10 негізгі тапсырманы атап өтемін», деді Елбасы.

Мәтін ертең баспасөз бетінде жарияланады.