Кітапхананың кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Бақтыгүл Бақытжанқызы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының электронды нұсқасы жарық көргенін, бұл туралы Ақорданың фейсбуктағы ресми парақшасы мен туындының электронды үлгісі akorda.kz сайтындағы Мемлекет басшысының дербес парақшасына орналастырылғандығынан хабардар етті.
Кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдары мен қозғаушы күштері сараланған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілген. Бірінші және екінші жаңғырту аясында тоталитарлық жүйеден түбегейлі ажырап, нарықтық экономиканы құру және бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосылу міндеті мерзімінен бұрын орындалды. Үшінші жаңғыртудың мақсаты – елімізді қалыптасқан жаңа жаһандық ахуал жағдайында жаңғырта отырып, әлемдегі ең озық 30 мемлекеттің қатарына қосу», деп кітаптың тарихындағы мазмұнын өз оқырмандарына жеткізді.
Ақтөбе облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті Айгүл Егізбайқызы туындыда тәуелсіздік кезеңіндегі тарихтың барлық саласы, өмірдің барлық саласы қамтылғандығын айтып өтті. Ал облыстық ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және баспасөз бөлімінің қызметкері Нұргүл Қонақбаева, Президентіміздің бұл еңбегі бұрынғы еңбектерінен өзгеше. Себебі барлық салаларды үлкен үш кезеңге бөліп қарағандығын құптап және кітапхана қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша бірінші болып таныстырды деп алғысын жеткізді.
С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлжайнар Нәренқызы бұл тарихи туындыны әлі де кең көлемде насихаттау керек екенін және ол қалың көпшілік оқырманның көңілінен шығады деген сенімде екенін айтты.
Үржан ҚҰРМАНҚЫЗЫ,
С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы
директорының орынбасары
АҚТӨБЕ