Аймақтар • 10 Қаңтар, 2018

Ақтөбеде «Тәуелсіздік дәуірі» кі­та­бы – егеменді елдің ше­жі­­ре­сі» атты көрме өтті

626 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында С.Жиенбаев атын­дағы облыстық жас­өс­пірімдер кітап­ханасында «Тәуелсіздік дәуірі» кі­та­бы – егеменді елдің ше­жі­­ре­сі» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тә­уел­­сіздік дәуірі» атты кіта­­бын насихаттауға бай­ла­нысты кітап көрмесі өтті.

Ақтөбеде «Тәуелсіздік дәуірі» кі­та­бы – егеменді елдің ше­жі­­ре­сі» атты көрме өтті

Кітапхананың кітапхана процес­терін автоматтандыру бөлі­мі­­нің меңгерушісі Бақты­гүл Бақыт­жанқызы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуел­сіз­дік дәуірі» кітабының электрон­ды нұс­қасы жарық көрге­нін, бұл тура­­­лы Ақорданың фейсбук­тағы рес­­ми парақшасы мен туын­­ды­ның элек­т­ронды үлгісі akorda.kz сай­тын­дағы Мемлекет басшы­сының дер­бес парақшасына орна­лас­ты­рылғандығынан хабардар етті.

Кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстаным­дары мен қозғаушы күштері сара­лан­ған. Қазақстанды жаңғырту­дың үш толқыны кеңінен ашып көрсе­тілген. Бірінші және екінші жаңғыр­ту аясында тоталитарлық жүйе­ден түбегейлі ажырап, нарық­­тық экономиканы құру және бәсе­кеге барынша қабілетті елу ел­дің қатарына қосылу міндеті мерзі­мінен бұрын орындалды. Үшінші жаңғыртудың мақсаты – елімізді қалыптасқан жаңа жа­һан­­дық ах­уал жағдайында жаң­ғыр­та оты­рып, әлемдегі ең озық 30 мем­ле­­кет­­тің қатарына қосу», деп кітап­тың тарихындағы маз­мұнын өз оқыр­мандарына жеткізді.

Ақтөбе облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті Айгүл Егізбайқызы туындыда тәуелсіздік кезеңіндегі тарихтың барлық саласы, өмірдің барлық саласы қамтылғандығын айтып өтті. Ал облыстық ішкі іс­тер департаментінің мемле­кет­тік тіл және баспасөз бөлімінің қыз­­­меткері Нұргүл Қонақбаева, Пре­зи­­дентіміздің бұл еңбегі бұ­рын­ғы еңбектерінен өзгеше. Себе­бі бар­лық салаларды үлкен үш кезеңге бөліп қарағандығын құптап және кітапхана қызмет­керлері Ақтөбе облысы бо­йынша бірінші болып таныс­тырды деп алғысын жеткізді. 

С.Жиенбаев атындағы об­лыс­­тық жасөспірімдер кітап­хана­сы­ның директоры Гүлжайнар Нәрен­қызы бұл тарихи туындыны әлі де кең көлемде насихаттау керек екенін және ол қалың көпшілік оқырманның көңілінен шығады деген сенімде екенін айтты.

Үржан ҚҰРМАНҚЫЗЫ, 
С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы
директорының орынбасары
АҚТӨБЕ