Қазақстан • 10 Қаңтар, 2018

Сенатор Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысында болды

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Рысқали Әбдікеровтің Қарағанды облысындағы жұмыс сапары одан әрі жалғасты.

 

Сенатор Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысында болды

Депутат Бұқар жырау ауданында денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті. Р.Әбдікеров № 1 қазақ мектебінде ұстаздар қауымының еңбек жағдайымен және білім ұясының оқу-әдістемелік базасымен танысты. Ұстаздар орта білім беру жүйесіндегі жалғасын тапқан реформалар туралы өз ойларымен бөлісті. Өз кезегінде сенатор мектепке жас мамандарды тарту туралы тілегін жеткізді.

Аудандық ауруханада дәрігерлер қауымымен кездесу болды. Бас дәрігер С. Қажыкәрімов депутатты емдеу мекемесіндегі жаңа технологиялармен және дәрігерлік жабдықтармен таныстырды.

Бұқар жырау ауданының активімен кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық дамудағы стратегиялық бағдарламаларды іске асыру барысы талқыланды. Р. Әбдікеров Парламент қабылдаған осы саладағы заңнамалық актілер туралы әңгімелеп, ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап берді.

Сенатор Қарқаралы ауданының даму барысымен де танысып, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сауықтыру орталығында болды. Аудандық әкімдік ғимаратында мәслихат депутаттарымен, атқарушы билік органдарының өкілдерімен, білім беру саласының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және ардагерлермен кездесті. Р. Әбдікеров Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті жүргізіп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер туралы айтты. Кездесуге қатысушылардың сауалдары азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне, тендер жүргізу барысындағы олқылықтарға, дәрігерлер мен мұғалімдер еңбекақысы деңгейінің төмендігіне, міндетті дәрігерлік сақтандыру жүйесін енгізуге, зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысты болды.