Депутат кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген 10 басымдықты іске асыру тетіктерін жан-жақты әңгімелеп, жекелеген ережелерді түсіндірді, сондай-ақ қойылған сауалдарға егжей-тегжейлі жауап берді. С.Бектұрғанов «Елбасының Жолдауындағы барлық міндеттер мемлекеттің келешектегі дамуына арналған», деп атап өтті.
Мемлекет басшысы айтқандай, жаңғырудың негізі болып табылатын адам капиталын дамыту мәселесіне тоқтала келіп, сенатор білім беру саласының үздік жүйесін қалыптастыруға назар аударды. Аудан тұрғындары Жолдауда айтылған Елбасының бастамаларына қолдау білдірді.