16 Қараша, 2011

Өзара сенім және тиімді ынтымақтастық бағытында

291 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Астанада Қазақстан Республикасының Қор­ға­ныс министрі Әділбек Жақсыбеков елімізге ресми сапармен келген Украина әскери делегациясы және өзінің әріп­тесі – Украина Қорғаныс министрі Михаил Ежельмен кездесті. – Қазақстан-Украина әске­ри ынтымақтастығы 2005 жыл­ғы Әскери-техникалық ын­­тымақтастық туралы үкі­мет­аралық келісім және 1997 жыл­ғы Әскери ынтымақ­тас­тық жө­ніндегі қорғаныс министрліктері арасындағы келісім шең­бе­рінде жүзеге асы­ры­луда, – деді Әділбек Жақсы­беков. – Елбасы – Қазақстан Респуб­ли­касы Қарулы Күш­те­рінің Жо­ғар­ғы Бас қол­бас­шы­сы Нұр­сұл­тан Назарбаев Ук­раинамен басым салаларда, со­ның ішінде, әскери және әскери-техни­калық салаларда серіктестік қатынастарды да­мы­туға және ынтымақ­тас­тық­ты нығайтуға үлкен көңіл бө­ліп келеді. Ә.Жақсыбеков жүйелі кездесулерді өткізу екі ел армия­сының қарым-қатынастарына үлкен ықпал ететіндігін атап өтіп, Украина тарапын Қазақ­стан армиясындағы жағдай­мен таныстырды. Осы орайда, деді Ә.Жақсыбеков, бүгінгі таң­дағы ең басты басымдық­тардың бірі отандық қорға­ныс-өндірістік кешенді дамы­ту болып табылады. Осы мә­тінде шетелдік серіктестермен, соның ішінде Қазақстан қорғаныс ведомствосы үшін маңызды серіктес болып та­былатын Украинамен әскери-техникалық ынтымақтастыққа үлкен көңіл бөлінеді. Ынтымақтастықты әрі қа­рай дамыту және белсенділігін арттыру, сондай-ақ екі елдің қорғаныс ведомство­лары­ның өзара әрекет етуінің құқықтық негізін құру ұмты­лысының дәлелі ретінде бір­қа­тар құжаттарға – Қазақ­стан Қорғаныс министрлігі мен Украина Қорғаныс министрлігі арасында әскери ынты­мақ­тас­тық туралы келісімге, со­ны­мен қатар 2012 жылға ар­налған ынтымақ­тас­тық бағ­дар­ламасына қол қойылды. Қазақстан Қорғаныс министрі Украина Қорғаныс министрін Астанада 2012 жылы 7 мамырда өткізілетін Қазақ­стан Қарулы Күштері құры­луы­ның 20 жылдығын мерекелеуіне, сонымен қатар, Қа­зақ­стан армиясының мерекелік кезеңі қарсаңында екінші қа­зақстандық халықаралық қа­ру-жарақ, әскери техника мен әскери-техникалық мүлік көр­ме­сі «KADEX–2012-ге» де ша­қырды. Қазақстан Қарулы Күштерінің бүкіл жеке құ­рамы атынан 6 желтоқсанда 20 жыл толуына орай Украина Қарулы Күштерінің құрылу күнімен құттықтады. Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз  қызметінің өкілі.