Балық қоры да азайып кетті. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін облыстық әкімдік бірқатар шаралар қабылдап, өзеннің гидрогеологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған инвестициялық жоба дайындады. ҚР Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов құрманғазылықтардың жанайқайын жоғары жаққа жеткізіп, Қиғаш өзені мәселесі бойынша Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдағаны жайлы «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде бұрын да жазылған еді. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Сәрсенбай Еңсегенов пен Бақытжан Ертаевтың Құрманғазы ауданы жұртшылығымен кездесуінде осы мәселе тағы да талқыға түсті.
- Биыл Қиғаш өзенін тереңдетіп қазу жұмыстарына 1 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл жұмыс уақытылы әрі сапалы жүргізілуі тиіс, - деді сенатор Сәрсенбай Еңсегенов.
Еңбекші селолық округінің әкімі Қанат Ғаббасов қазылатын 150 шақырымға Кобяков арнасын қосса, ауыл тұрғындары таза судан таршылық көрмес еді деген ұсынысын айтты.
Кездесуде депутаттар Парламент қабырғасында қабылданған жаңа заңдар, салық, кеден кодексіне енгізілген өзгерістердің ауыл-елде қаншалықты жүзеге асып жатқанына да назар аударды.
Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан».
АТЫРАУ.