Адам капиталын дамыту және ұлт әлеуетін арттыру үшін сапалы білім мен денсаулық сақтау ғана емес, мәдениет және идеология саласын одан әрі дамыту шаралары да бірге жүруі тиіс. Осыған байланысты мемлекет пен конфессиялар арасындағы қатынастарды жетілдіруге назар аударғым келеді. Мәдениетті дамыту, толеранттылық, бейбітшілік пен келісім идеологиясын бекемдеуде діндер мемлекетке кедергі келтірмей, көмектескені жөн. Сондықтан дін саласындағы кез-келген бүлдіргіш әрекеттен қорғауды қамтамасыз ету үшін жыл басында Үкімет «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Парламентке жолдаған болатын. Заң жобасы мемлекет пен конфессияаралық қатынастар саласындағы заңнаманы жетілдіруге кешенді жұмыстарды жүзеге асыруды көздейді.
Қазіргі кезде дін халықтардың рухани құндылықтары мен мәдени кодын сақтауға жәрдемдесуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бір уақытта адамның алдыңғы қатардағы білімді меңгеруге, өз халқының тарихын зерделеуге және мәдениетті дамытуға ұмтылысына қарсылық білдірмейді. Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деген болатын. Сондықтан, білімді және осы заманның көшіне ілескен әрбір қазақстандық белгіленген санатқа барынша жақындауға тиіс деп ойлаймын.
Сергей Ершов,
Парламент Сенатының депутаты