Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен, Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмимен, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесіп, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы Мәжілістің 53 депутатының үндеуі Президенттің атына келіп түсуіне байланысты консультация өткізді.
Кездесуге сондай-ақ Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин қатысты.
Өз сөздерінде Премьер-Министр мен Парламент палаталарының төрағалары Парламенттің төменгі палатасының Мәжілісті тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы ұсынысын қолдады.
Мемлекет басшысы депутаттар өз үндеуін бірнеше факторларға негіздегенін атап өтті. Біріншіден, Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Мәжілісте кемінде екі саяси партия болуы тиіс. Бұл үшін саяси жүйеде реформа жүргізілді. Алғаш рет Орталық Азияда депутаттарды партиялық тізім бойынша сайлау енгізілді. Президент Қазақстанның саясатының дамуында демократиялық вектор дәйектілікпен іске асырылуы керектігіне тоқталды. Екіншіден, Қазақстан 2008-2009 жылдары күрделі әлемдік дағдарыстың әсерін бастан кешірді. Елдер мен күллі әлем одан енді ғана шығып келеді, ал бұл кезде әлемдік экономика әлі де күшті құбылмалы күйде қалып отыр.
– Біз Еуропада не болып жатқанын, G-20 кездесуінде қандай мәселелер талқыланғанын қадағалап отырмыз. Экономика тұрақтанды деп айтуға әлі ерте. Еуропалық Одақтағы оқиғалар бізге де тікелей ықпал етуде. Еуропа мемлекеттері Қазақстанның тек маңызды серіктесі ғана емес, сонымен бірге біздің тауарларымыз үшін инвестор әрі рынок. Біз оқиғалардың дамуының барлық ықтимал нұсқаларына дайындалудамыз. Өткен дағдарысты біз абыроймен еңсердік. Қазақстанда дағдарысты еңсеру жөнінде ең үздік бағдарламаның бірі жүзеге асырылды, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.
Президент Мәжілістің ағымдағы шақырылымының жұмыс кезеңі ауқымды әлемдік дағдарысқа тұспа-тұс келгеніне, жұмыс жедел жүргізілгеніне, қажетті шешімдер тез қабылданғанына, алайда заңдардың сапасына зиян келмегеніне, сайлау өткенше Сенат Мәжілістің функцияларын атқаратынына тоқталып өтті.
Мемлекет басшысы қоғам көп партиялық Парламентті қажет етіп отырғанын атап көрсетті. Парламенттің жаңаруы елде жүргізіліп жатқан ауқымды жаңғыртулар үшін қажет. Бұдан басқа, егер келесі дағдарыс сайлау науқанына сәйкес келетін болса, онда ел басшылығының, Үкіметтің және бұл мәселе бойынша өңірлердің жұмысы қиындайды. Депутаттардан сондай-ақ Мәжіліс пен жергілікті өкілдік органы – мәслихаттар сайлауын бірге өткізу туралы ұсыныстар түсуде.
– Аталған мәселе бойынша сіздердің ұстанымдарыңызды ескере отырып, мен Мәжілісті тарату және сайлау өткізу туралы Жарлық жобасын қарастырамын, – деді Мемлекет басшысы.
Өмір ЕСҚАЛИ,
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын анықтады
Спорт • Бүгін, 21:42
Қарақұрт қаптады: Маңғыстауда 18 адам дәрігер көмегіне жүгінген
Қоғам • Бүгін, 21:09
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 20:56
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Бүгін, 20:19
Әлем Кубогының алғашқы күнінде 5 боксшымыз жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 19:29
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Бүгін, 19:10
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:54
GGG-дің жаңа белесі: Тоқаев тарихи жетістікпен құттықтады
Спорт • Бүгін, 18:12
Қазақстан IT алпауыттармен 10 миллиард долларлық келісімдер пакетіне қол қойды
Үкімет • Бүгін, 18:09
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Бүгін, 17:58
Жапония Гренландиядағы сирек кездесетін металдарды игеруі мүмкін
Әлем • Бүгін, 17:52
Қостанай облысындағы қайғылы жағдай: Немересі мен атасы суға батып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:49
«Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 17:43
Альпі тауларында үш күнде 10 альпинист қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:28