Үкімет • 16 Қаңтар, 2018

Үкімет басшысы онкологиялық жабдық шығаратын компанияның басшысымен кездесті

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Varian Medical Systems» компаниясының Президенті Жан-Люк Девлешауермен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Үкімет басшысы онкологиялық жабдық шығаратын компанияның басшысымен кездесті

Кездесу барысында цифрландыру және онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы аясында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне жаңа технологияларды тарту бойынша ынтымақтастықты орнату мәселелері талқыланды.

Айта кетерлігі, Varian Medical Systems, Inc компаниясының негізі 1948 жылы АҚШ-та қаланды, штаб-пәтері Калифорнияда орналасқан. Компания онкологиялық ауруларды емдеуге арналған құрал-жабдықтарды және бағдарламалық өнімдерді жобалау, өндіру, сату және қызмет көрсетумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар

Жылқы көбейсе – ел ырысы

Шаруашылық • Бүгін, 09:15

Жазатайым оқиға азаймай тұр

Мәселе • Бүгін, 09:00

Айтыс саңлағы

Руханият • Бүгін, 08:53

Өндіріс дамуының өзегі

Өндіріс • Бүгін, 08:43

Шығыны аз, шығымы мол

Аймақтар • Бүгін, 08:40