Қазақстан • 17 Қаңтар, 2018

Ұлттық кітапханада Елбасының Жолдауы талқыланды

1287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті. 

Ұлттық кітапханада Елбасының Жолдауы талқыланды

Ұлттық кітапхана ұжымы Жол­­дауда айқындалған міндет­терді қызу талқылап, қолдау көр­сетті. Кітапхана басшысы Жа­нат Сейдуманов Елбасы Жол­дауы басымдықтарын айта отырып «Адами капитал – жаңғыру негі­зі» тармағына ерекше тоқталып өтті.

– Адами капиталдың жаң­­ғ­ы­руы кітапхана ісімен тікелей байла­нысты. Өйткені кітапханалар­дың басты мақсаты – сапалы адами капиталды арттыруға ықпал ету, жоғары білімді, жан-жақты ұрпақ қалыптастыруға үлес қосу. Осы орайда, Ұлттық кітапхан­аның басты міндеттерінің бірі – тұр­­ғын­дардың кітап оқуға құш­тар­­лығын арттыру арқылы жас ұр­­пақ­ты оқуға тарту және төл­тума мәдениетімізді сақтап қалу. Адами капитал сапасын нығайту және ұлттың рухани, интеллектуал­ды серпілісінің қажетті құралы ре­тінде халықты оқуға тартуға, олардың заманауи білім алуына барлық мүмкіндіктерді жасауға тиіспіз, – деді Ұлттық кітап­хана директоры Жанат Сейдуманов.

Сонымен қатар Ұлттық кітап­хананың жастарынан құралған Жас­тар кеңесі кең ауқымды тал­қы­лау жасап, Жолдаудың маңызы мен ерекшеліктері тұрғысындағы жеке ой-пікірлерін ортаға салды.

«Біз Елбасының Жолдауымен таныстық. Енді көрсетілген 10 бағыт бойынша жұмыс істеп, күш саламыз. Оның ішінде жаңа технологияларды дамытуға үлес қосу үшін кітапхана ісінде онлайн қызмет көрсету мен электронды басылымдарға басымдық беруді жалғастыратын боламыз», дейді Жастар кеңесінің жетекшісі Айкенже Жақсылыққызы.

Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауы маңызды тарихи құжат деген кітапхана маман­дары, оны жүзеге асыруға әрбір кітап­ханашы өз еңбегімен, өз қыз­метімен үлес қосатынын білдірді.

Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ