БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісі «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: шаралар мен сенім» деген тақырыппен өтіп жатыр. Дебатта қырып-жою қаруын таратпаудың маңызды мәселелері қозғалады. Бұл ретте аталған мәселелер сенім шараларын нығайту жұмыстары аясында қарастырылмақ.
Жиынға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Польша Президенті Анджей Дуда, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және т.б. лауазымды тұлғалар қатысып жатыр.